BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Антарктида мұзы бұрынғыдан 3 есе тез еріп жатыр – ғалымдар

Ғалымдар жүргізген жаңа зерттеулер нәтижесінде Антарктида мұзының еру жылдамдығы өте қатты артып жатқаны және 1992 жылдан бері 3 триллион тонна мұз еріп кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Associated Press басылымына сілтеме жасап.

Ғалымдардың айтуынша, климат өзгеруінің ең негізгі көрсеткіштерінің бірі – Антарктидадағы мұздың еруінен пайда болған су көлемі Техас штатын 4 метр тереңдікке дейін жаба алады. Ал судың мұхитқа құюынан олардың деңгейі 7,6 милиметрге көтеріліп жатыр.

1992-2011 жылдар аралығында Антарктидада жылына 84 млн тонна мұз еріген. Бұл көрсеткіш бүгінгі күнге дейін шамамен 76 миллиард тоннаға жетіп отыр. Nature журналында жарияланған зерттеу нәтижелеріне сенсек, 2012-2017 жылдар аралығында мұздың еру жылдамдығы жылына 241 млрд тоннадан артқан.

«Бұл – алаңдатарлық көрсеткіш және процесс біз күткеннен де жылдам жүріп жатыр», – дейді 88 соавтордың бірі, Калифорния университетінің профессоры Изабелла Великония.

Мұздың көп бөлігі еріп кеткен Батыс Антарктида күйреу алдында тұр», дейді Вашингтон университетінің ғалымы Яна Джоунина.

Бұл зерттеу НАСА мен Еуропа космос агенттігімен бірлесе отырып жоспарланып, бірнеше жылда бір рет ұйымдастырылып отырады. Ғалымдардың міндеті – Антарктида мен Гренландиядағы мұзды жан-жақты зерттеп, толық зерттеу жүргізу. Сарапшылардың айтуынша, соңғы жүргізілген зерттеу де бағалауға тұрарлық дүние.

«Басқа зерттеулерге қарағанда бұл команда мұздың еруін 24 түрлі сипаты бойынша қарастырады, сондай-ақ өз зерттеулерінде 10-15 спутник қолданады. Тағы бір айта кетерлігі, ғалымдар жер және ауа өлшегіштерін, компьютерлік модельдеу құралдарын да пайдаланады», дейді Англиядағы Лидс университетінің провессоры, негізгі авторлардың бірі Эндрю Шеперд.

Оның айтуынша, тек қана Антарктиданың өзі ғасыр соңына дейін мұхит деңгейінің 16 сантиметрге дейін көтерілуіне әсер ете алады. Сондай-ақ ғалымдар бұл көрсеткіштердің жаһандық климаттың өзгерісіне байланысты екеніне сенімді.

Зерттеуде Антарктиданың еруіне жылы су әсер еткені айтылған, ал су мұнай, көмір, табиғи газды жағудан пайда болған жаһандық жылынуға байланысты жылы желдің әсерінен пайда болған. Еріген мұздардың 70 пайызы Батыс Антарктидаға тиесілі. Ал Шығыс Антарктидада 2012 жылдан бері жылына 31 тонна мұз еріген. Ал 2012 жылға дейін керісінше бұл аймақта мұз деңгейі артқан. Дегенмен, ғалымдар Шығыс Антарктидадағы жағдай тұрақтанады деген болжам жасап отыр.

Ағылшын тілінен аударған

Алтынай Қуанышбекқызы


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер