Анджелина Джолиға ұқсағысы келген қыз 50 рет ота жасатты - Әлем|01 Желтоқсан 2017, 10:44
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 411.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.38
Астана:

Анджелина Джолиға ұқсағысы келген қыз 50 рет ота жасатты

Ирандық 19 жастағы Сахар Табар өзінің сүйікті актрисасы Анджелина Джолиға ұқсау үшін 50 рет ота жасатып, 40 келіге дейін арықтап кеткен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.

Ол мұрынын, бет-әлпетін, ерінін үлкейтіп, қасының пішінін өзгерту үшін де түрлі хирургиялық операцияларға барған. Әрі ол ота жасатқаннан кейінгі өзгерістерін Инстаграм парақшасында жариялап отырған.

Желі қолданушылары болса Сахардың Майкл Джексонға көбірек келетінін, сондай-ақ «Труп невесты» (Қалыңдық мәйіті) мультфильміндегі кейіпкерге ұқсайтынын жазуда.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер