BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Амстердамда көрмеге қинамай өлтіретін машина үлгісі қойылды

Фото: Lenta.ru

Амстердамда жерлеу индустриясы көрмесіне өзін-өзі өлтіруге арналған құрылғының прототипі қойылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Бұл құрылғыны голландтық дизайнер Александр Баннинк пен австралиялық белсенді Филипп Ничке ойлап тапты. Олар ұзақ жылдар бойы эвтаназияны заңдастыру үшін күрескен.

Құрылғының ішінде азот пен алынып-салынатын капсула бар. Капсула ішіне өз-өзіне қол жұмсайтын адам жатады.

«Өзіне қол жұмсағысы келген адамның аздап басы айналып, одан кейін есінен танып, о дүниеге аттанады», - дейді Ничке.

Құрастырушылар жұмыс істейтін құрылғыны орнатуды осы жылдың аяғына жоспарлап отыр. Көрмеде құрылғының үлгісі ғана қойылған.

1996 жылы Филип Ничке Автралияның солтүстік бөлігінде эвтаназияны заңдастыруға қол жеткізген. Биліктегілер қабылдаған заңды көп ұзамай өзгертіп, эвтаназияға тыйым салған, бірақ заңды қайта өзгерткенге дейін төрт адам Ничкенің көмегімен өмірден озып кеткен.

2008 жылы Германияда айықпас дертке шалдыққан адамдардың өз еркімен өмірден кетулеріне арналған құрылғы жасалған. Бұл жобаны неміс саясаткері, дәрігер Роджер Куш қолдаған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер