BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Амстердам дүкендерінің бірінде iPad жарылды

Амстердам дүкендерінің бірінде iPad жарылды, дүкенге келушілер бірден сыртқа шығарылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net порталына сілтеме жасап.

Өрт сөндірушілердің пайымдауынша, гаждет қызып кетуден немесе аккумуляторының бүлінуінен жарылған. Жарылыстан ешкім зардап шекпеді.

Гаджетті құм салынған шелекке тастаған. Кейін белгілі болғандай, улы түтіннен үш адамның тыныс алу жолдары қабынған. Оларға медициналық көмек көрсетіліп, дүкен жұмысын жалғастырған.

Бұған дейін беделді сарапшы Минь Чи Ку осы жылы көпшілікке таныстырылатын Apple гаджеті жөнінде егжей-тегжейлі айтқан болатын. Оған дейін Apple компаниясының бұрынғы қызметкері компанияның құпия технологиясын ұрлағаны белгілі болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер