BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.88 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 394.41 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.65
Астана:

Америкалықтың көзінен 14 құрт алынды

Ғалымдар бұрын тек жануарларда кездесетін Thelazia gulosa құртының адамдарда да кездесетінін анықтады. Бұл туралы Live Science жазады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Мақалада 26 жастағы америкалық Эбби Беклидің тарихы жазылған. Қыз 2016 жылы балық аулап отырғанда көзінен ұзындығы 1,3 сантиметр болатын құрт алады. Кейін басы қатты ауырып, көзі қышып, мазасызданған соң дәрігерге барады. Содан соң 20 күн бойы дәрігерлер оның көзінен 14 Thelazia құртын шығарады.

Мақалада мұндай құрттар көзде ұзақ тұрса, онда адамның көзі соқыр болып, мүйізгек қабығы зардап шегуі мүмкін екені жазылған. Бірақ Эбби Бекли көзінен паразиттер алынғаннан кейін өзін жақсы сезініп, көзінің еш жері зақымданбағаны белгілі болды.

Кейін АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мамандары бұл құрттың Thelazia gulosa түрі екенін растады. Мұндай паразит бұған дейін мысықта, итте, түлкіде және ірі қара малда кездескен. Зерттеушілер құрт қыздың көзіне Musca autumnalis шыбындары арқылы түскен болу керек деп болжады. Себебі осы шыбын жануарлардың көзі, аузы және танауында бөлінетін сұйықтықпен қоректенеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер