Америкалық әйел жөтелемін деп қабырғасын сындырып алды - Әлем|19 Қаңтар 2018, 11:08
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 411.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.38
Астана:

Америкалық әйел жөтелемін деп қабырғасын сындырып алды

Фото: lenta.ru

66 жастағы америкалық әйел қатты жөтеліп, қабырғасын сындырып алды. Ол инфекциялық аурумен сырқаттанып жүрген. Бұл туралы The New England Journal of Medicine ғылыми журналында жарияланды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Әйел адам "екі аптадан бері құрғақ жөтел бар және кеудемнің оң жағы шаншиды" деп дәрігерге келеді. Ол мамандарға жүгінгеннен 5 күн бұрын жоғарғы тыныс алу жолдарына вирусты инфекция түскені анықталған. Бірақ оған дәрігердің жазып берген емі көмектеспепті.

Кейін оны қараған дәрігерлер оң жақ қабырғасының қатты көгергенін және сезімталдығын байқайды. Емделуші өзінің еш жерде жарақат алмағанын айтты. Ал, компьютерлік томография оң жағындағы тоғызыншы қабырғаның сынғанын анықтады.

Содан соң әйел адамның мұрнынан алынған сараптамадан көкжөтелдің таяқшасы табылды. Ол көкжөтелге қарсы АКДС екпесін сегіз жыл бұрын салғызған. Дәрігерлер оған «көкжөтелмен ауырып қалды» деген диагноз қойды. Әйел енді антибиотиктермен ем қабылдайды. Сондай-ақ, мамандар оның сынығын хирургиялық жолмен қалпына келтіріп, қабырға арасындағы «грыжасын» алып тастады.

Мұндай инфекциялық аурудың белгісі – булығып жөтелу. Болған жағдай көкжөтел кезінде қатты жөтел қабырғаны сындырып, оның арасындағы қан тамырларына зардабын тигізуі мүмкін екенін растайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер