BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 326.52 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 399.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.26
Астана:

Америкалық адвокат жердің болашағы үшін өз-өзін өртеді

Фото: diytrade.com

Ол не себепті мұндай әрекетке барғаны туралы жазылған хат қалдырып кеткен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Америкалық адвокат қоршаған ортаның ластануы мәселесіне назар аударту үшін өз-өзін өртеді. 60 жастағы Дэвид Бакел (David Buckel) Бруклиндегі саябақта акция ұйымдастырды. Оны құтқарып қалу мүмкін болмады. Ол не себепті мұндай әрекетке барғаны туралы жазылған хат қалдырып кеткен, сондай-ақ хатты электронды пошта арқылы бірнеше ұйымға жіберіп үлгерген.

Бакел үстіне бензин құю арқылы табиғатқа қамқор бола алмайтын адамдар өз-өздеріне қандай зиян келтіріп жатқанын көрсеткісі келген.

«Ауаның ластануы біздің планетамызға кері әсер етеді. Ау, су, топырақ, жауын-шашын арқылы қоршаған ортамыз ластанып барады», - деп жазған ол хатта.

Заңгер соңғы жылдары бірнеше экологиялық ұйымдармен жұмыс істеген.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер