BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Бәссаудаға қойылған қаланың бағасы бір пәтердің құнымен тең

Фото: ашық дереккөзден

Америка құрама штаттарының Джорджия штатындағы Тумсборо қаласы сатылымға шығарылды, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Бүтіндей бір қала Тумсборо үшін көрсетілген баға Нью-Йорк немесе АҚШ-тың басқа да ірі қалаларындағы бір пәтердің құнына тең.

Сатып алушы 1,7 млн долларға қаладағы тұрғын үйлер мен дәмхана, викториан үлгісіндегі қонақ үй, диірмен және жеке опера театрын сатып ала алады.

Сонымен қатар, қалада банкет залы, мақта сақтауға арналған қойма, шаштараз, ескі банк ғимараты, 1869 жылы салынған теміржол депосы, жасанды көл, артезиан бұлағы және өңделмеген бокситтер кені бар.

Қала сайтында көрсетілгендей, қаланың қазіргі иелері Тумсбороны сатып алған азаматтар оның тарихи құндылығы жоғары екенін және осы күйінде қалатынына үміт артады. Олар қаланы туристік сәулетті жер және ашық аспан астындағы музей ретінде қолдануға болатынын айтады.

Қаланың не себепті сатылымға шығарылғаны әзірше белгісіз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер