BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.53
Астана:

Америкада әріптестеріне тәтті тоқаш әкелген әйел жұмыстан қуылды

АҚШ-та әріптестеріне тәтті тоқаш әкелген әйел жұмыстан қуылды. Себебі ол бір әріптесінің жұмыстан кетуіне арналған отырысқа іш жүргізетін ұнтақ қосып пісірілген тоқаш әкелген, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Оқиға Мичиган штатының Сейлайн қаласында болған. Полицияны 47 жастағы әйел жұмыс істейтін компанияның өкілдері шақырады. Оның әріптестерінің бірі басшылыққа әйелдің уланған тағам әкелетінін айтқан. Содан соң ол әкелген тәттілер тәркіленді.

Полицейлер оны тергеп, пісірілген тағамға сараптама жүргізетінін айтты. Басында әйел іш жүргізетін ұнтақ қосқанын жоққа шығарды, бірақ кейін мойындады. Кінәсін мойындағаны үшін ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Бірақ жұмыс беруші оны қызметінен қуды.

Полициядағылар бұл жағдайдың қайғылы аяқталуы мүмкін екенін айтты.

«Біз мұндай «қалжыңдарды» көбіне шоу мен фильмдерде көреміз. Бірақ негізінде бұл – қылмыс», - деді полиция өкілі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер