BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Америка орманынан екібасты марал табылды

Фото: Vsezhivoe.ru

Жануардың өлексесін зерттеген ғалымдар өлі туылған төл ақ құйрықты маралдың ұрғашысы болғанын анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі segodnya.ua сайтына сілтеме жасап.

Миннесота штатындағы орманнан маралдың екі басты және екі мойынды төлі табылды. Ерекше жануарды саңырауқұлақ жинап жүрген адам тауып алған.

Ғалымдардың зерттеуінше, ол денелері бір-біріне жабысып туған маралдың егіз төлі болған. Мұндай жағдай өмірде бірінші рет кездесіп тұр.

Ғалымдар марал төлдерінің денесі бір болғанымен, сегізкөзі кеуде тұсынан бастапі екіге бөлінгенін анықтаған. Сол себепті оның екі басы мен екі мойны болған.

Оның өкпесіне қарап жануардың ешқашан тыныс алмағанын байқауға болады, яғни ол өлі күйде туған. Оның асқазаны мен көкбауыры екеу болған, ал бауыры біреу болғанымен, көп өзгеріске ұшыраған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер