BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.88 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 394.41 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.65
Астана:

Америка Айға адам ұшыратын мерзімді белгіледі

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі 2019 жылға арналған бюджет жобасын жариялады. Аталған жобада ғарышкерлерді Айға ұшыруға қаржы бөлу алдыңғы қатардағы міндет ретінде қарастырылған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, Америка 2020 жылдың ортасына қарай Айға ғарышкерлер ұшыруды жоспарлап отыр. Бірақ, нақты қай күні ұшатыны белгіленбеген. Мұнымен қатар, мемлекет жаңа құрылғы жасауға ақша бөлді.

The New York Times, 2019 жылы НАСА-ның қаржысы 370 млн долларға көбейіп, 19,9 млрд доллар болатынын айтты. Ал келесі жылдары бұл қаражат 19,6 млрд долларға қысқарып, 2023 жылға қарай сол күйі қалады. Басылым «Трамп Ақ үйден кетпейінше Айға адам ұшыра алмаймыз. Тіпті, келесі сайлауда жеңіске жетсе де» деп жазды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер