BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Ғаламның 14 миллиард жыл өмірі он минуттық бейнероликте көрсетілді

Фото: Ашық дереккөз

Америка Құрама Штаттарының музыканты және видео әуесқойы Джон Босуэл әлемнің жаратылуы мен дамуын көрсететін бейнежазбаны YouTube-қа жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі amic.ru сайтына сілтеме жасап.

Автор ғаламдық деңгейде алып қарағанда адамзат тарихы қас пен көздің арасындағыдай қас қағым сәтті ғана қамитынын айтады.

«Он минут ішінде біздің ғалам қаншалықты жас әрі керемет екенін көрсеттік. Бейнеролик үлкен жарылыстан басталып, саналы адамның пайда болуымен аяқталады», - дейді ол.

Бейнероликте NASA, Voyage of Time, Cosmic Voyage, Wonders of the Universe және тағы да басқа ашық дереккөздері пайдаланылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер