USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

4 жасар полиглот 7 тілде сөйлейді

4 жасар мәскеулік Бэлла Девяткина әлемнің жеті тілінде сөйлейді (орыс, ағылшын, француз, испан, араб, қытай, неміс). Ол 2 жасынан бастап анасымен бірге тілдерді меңгере бастаған. Күнделікті шет мемлекеттің мұғалімдерінен сабақ алады.

«Удивительные люди» шоуында Бэллаға шет тілдерінде сұрақтар, мәтіндер мен тапсырмалар берілді. Арманындағы сыйлығын алу үшін ол қойылған талаптардың бәрін еш қиындықсыз орындап шықты.

Оның фантастикалық мүмкіндіктері ешкімді бейжай қалдырмады.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада тұратын «калькулятор бала» ресейлік телешоудың қазылар алқасы мен көрермендерін таңғалдырған болатын. 10 жастағы Ілияс математикалық есептерді шемішкеше шағады.

kaztrk.kz

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады