USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Әлемдегі ең әдемі мешіт

Оның әдемілігі қарапайымдылығында. Қазір басылымдарда, сайттарда әлемдегі ең әдемі мешіттер деген рейтинг жасалады. Олар мешіттің әппақ мәрмәрдан қаланған қабырғаларын, қымбат люстраларын, зәулім мұраналары мен кең ауласына таңдай қағып жатады. Бірақ олардың әдемілігі осы мешітке жетпейді, деп жазды muftyat.kz.

Өйткені, бұл мешіт толықтай ағаштан тұрғызылған. Тіпті, мұнарасының өзін тұрғызу үшін түбіне тас үйіп қойған. Мешіт үлкен аумақты алып жатқан жоқ. Оған түйелі жолаушы да, жолдан өтіп бара жатқан кісілер де оңай-ақ бұрылып кіреді.

Қарапайым болса да құлшылық мекенін Аллаға шын берілген мүміннің өз қолымен жасағаны барша әлем мұсылмандарын әсерлендіріп отыр.

Айта кетейік, бұл мешіт Эфиопия елінде орналасқан.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады