BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Әлемдегі әр 20 өлімнің біреуіне алкоголь себепші болады – БДҰ

Фото: gazeta.a42.ru

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған есепте бүкіл әлем бойынша 20 жастан асқан адамдар арасындағы өлімнің 13,5%-ына алкоголь себепші болатыны айтылған. Бұл әлем бойынша өлімнің жалпы көрсеткішінің 5%-ын құрайды. Басқаша айтар болсақ, жыл сайын әлемде 3 миллион адам алкоголь кесірінен көз жұмады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған мәліметтерге сенсек, олардың 2,3 миллионы ер адамдар, деп жазады Baq.kz ақпарат агенттігі Fox News басылымына сілтеме жасап.

Әр төрт жыл сайын жарияланатын баяндамада бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау саласында алкогольдің зияны артып келе жатыр. Оның ішінде негізінен жастар көрсеткіші көп. Ал жалпы алғанда мезгілсіз өлімнің 7,2%-ына алкоголь себепші болады екен. Сонымен қатар баяндамада айтылғандай, алкоголь өнімдерінің зияны байлардан гөрі кедей адамдарға көбірек тиеді.

2012 жылмен салыстырғанда алкоголь кесірінен болған өлім көрсеткіші 5,3%-ға дейін төмендеген. Бірақ Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары алкогольдің денсаулыққа зияны ешқашан кемімейтінін алға тартып отыр.

«Бұл проблемамен жаөандық деңгейде күресу үшін мемлекеттердің билігі арнайы шараларды көптеп қолға алып, мықтап күресулері керек. Көптеген мемлекеттерде алкоголь өнмідерін тұтыну шамамен 15 жаста басталады. Ал бұл зерттеуде осы жас аралығына алкогольдің әсері ескерілмегенін айта кету керек. Яғни, жоғарыдағы көрсеткіш біз ойлағаннан да көп болуы мүмкін », - дейді мамандар.

Дегенмен, баяндаманың жақсы жаңалықтары да бар. Мысалы, онда Еуропа мен Америкада ішімдік ішетіндер қатарының кеміп жатқаны айтылған. Тағы бір айта кетерлігі, бүкіл әлемде барлық тұтынылған алкогольдің 45%-ы спиртті ішімдікті (34% сыра, 12% шарап) құрайды. Сонымен қатар баяндамада бүкіл әлем бойынша алкоголь өнімдерінің жарнамасы азайып, сатылымда жүрген өнімдерде қауіпсіздік туралы ескертулер жазылғаны айтылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер