BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Әлем РФ-мен қалай күресу керек екенін Украинадан үйренуі керек – Аваков

Фото: ашық дереккөзден

Украинаның ішкі істер министрі Арсен Аваков АҚШ-қа бес күндік жұмыс сапармен барды. Сапардың басты тақырыбы ресейлік гибридтік соғысқа қарсылық көрсету, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

15 сәуірде Украинаның ішкі істер министрі Арсен Аваковтың АҚШ-қа жұмыс сапары бастылды. Оның аясында ведомство басшысы Мемдепартамент, ФТБ және Конгресс өкілдерімен кездеседі.

«Біздің сапар – іскерлік сапар, оған саяси және ІІМ қызметіне қатысты мәселелер кіреді. Басты мәселе ресейлік гибридтік соғысқа қарсы тұру. Біз алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесін меңгеруге дайынбыз, алайда әлем Ресейдің гибридтік соғысына қарсы тұруды бізден үйренуі керек», − деп мәлімдеді Аваков.

Федералды тергеу бюросымен ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдасқан, атап айтқанда ресейлік қылмысқа қарсы тұру мәселелері қарастырылады.

«Солсберидегі жағдайды, Сириядағы бейбіт адамдарға химиялық шабуылдың жасалуы, сайлау процесстеріне араласу және киберқауіпті ескеретін болсақ бұл өте маңызды», − деп атап өтті ІІМ басшысы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Желтоқсан 2018, 10:10
Мұхтар ШЕРІМ. МЕН ӘЛІ ҚЫЗБЫН...
Пікірлер