BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Әлем халқының жартысына жуығы кедей – ДБ

Астана, BAQ.KZ. Әлемде халықтың кедейлік деңгейі төмендеп келеді. Дегенмен, әлем халқының жартысына жуығы күніне 5,5 долларға күнелтеді. Бұл туралы Дүниежүзілік банктің (ДБ) 17 қазан - Дүниежүзілік кедейлікпен күрес күні жариялаған есебінде айтылды.

Дүниежүзілік банк есебінше, кедейліктің төменгі шегінде (бір адамның күніне 1,9 доллардан аз ақшаға өмір сүруі) өмір сүретіндер үлесі соңғы жылдары азая бастағанымен, дамыған елдердегі кедей халықтың үлесі артып келеді.

Қытайда соңғы жылдардағы экономикалық өсімге байланысты Шығыс Азия мен Тынық мұхиты аймағы елдерінде кедейлік деңгейі 60 пайыздан 35 пайызға дейін азайған. Алайда, Дүниежүзілік банк аймақтағы экономикалық өсім баяулай бастағандықтан болашақта бұл деңгейді ұстап тұру қиындауы ықтимал екенін айтады.

Ал кедейшілік Африканың Сахара аймағындағы елдерде мықтап орныққан. Бұл аймақта халықтың 84,5 пайызы күніне 5,5 доллардан аз ақшаға өмір сүреді.

1998 жылы әлемдегі халықтың 60 пайызы табысы аз елдерде өмір сүрген болса, 2015 жылы бұл көрсеткіш тоғыз пайызға азайған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер