BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

АҚШ-та сигараның тұқылы 12 мың долларға сатылды

Ұлыбритания премьер-министрі Уинстон Черчилдің жартылай шегілген сигарасы АҚШ-тағы аукционда 12 мың долларға сатылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.

Аукционды Ботсондағы RR Auction үйі онлайн режимде өткізді.

Associated Press (AP) ақпарат агенттігінің мәліметінше, La Corona маркалы Куба сигарасы тапсырыспен дайындалған екен. Темекі тұқылының ұзындығы 10 сантиметрге жетеді.

Черчилль бұл сигараны Париждің Ле-Бурже әуежайында 1947 жылдың 11 мамырында шеккен. Лотқа Ле-Буржеде қолына La Corona ұстап тұрған британ премьерінің фотосуреті қоса жіберіліпті, онда оның қолтаңбасы бар.

Сигараның тұқылын Черчилді Парижге жеткізген ұшқыш Уильям Алан Тернер сақтаған. Жартылай шегілген сигараны Флорида штатындағы Палм-Бич қаласында тұратын коллекционер сатып алды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер