АҚШ-та орман өртінен 8 адам қаза тапты - Әлем|06 Тамыз 2018, 19:54
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.87 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 410.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

АҚШ-та орман өртінен 8 адам қаза тапты

Фото: MirVkartinkah.Ru

АҚШ-тың табиғат қорғау заңынының кемшіліктері Калифорнияның солтүстігіндегі орман өртінің өршуіне себеп болған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі 24kz сайтына сілтеме жасап.

Дональд Тармп өзінің Twitter парақшасында осындай мәлімдеме жариялады. АҚШ президентінің пікірінше, орман өртінің тарауына тосқауыл қою үшін ағаштарды отау қажет. Сондай-ақ заңның кейбір баптары қолжетімді қоймалардағы суды тиімді пайдалануға жол бермейді екен.

Осы кезде Калифорниядағы орман өрті 2 мың шаршы шақырым ауданға тарап, одан 8 адам қаза тапты. 40 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Тілсіз жаумен 14 мыңнан астам өрт сөндіруші арпалысып жүр. Оларға австралиялық пен жаңазеландиялық әріптестері де көмекке келген.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер