АҚШ-та әуежайдан ұрланған жолаушылар ұшағы құлады - Әлем|11 Тамыз 2018, 17:17
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 414.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.44
Астана:

АҚШ-та әуежайдан ұрланған жолаушылар ұшағы құлады

АҚШ-тың жағалау күзеті қызметі Сиэтл қаласындағы әуежайдан ұшақ ұрланды деген хабарлама алады. Билік өкілдері 15 минуттан кейін тағы да басқа мәлімдеме естиді, деп жазады lenta.ru басылымы NBC арнасына сілтеме жасап.

Вашингтон штатындағы Кетрон аралының маңында қара түтін шыққаны туралы хабарлама келеді. Ол құлаған ұшақтың салдарынан шыққан.

Алдын ала деректерге сүйенсек, әуе кемесінің бортында бір адам болған. Оны 29 жастағы ер адам басқарған.

Полициядағылар ұрлықты терроризмге жатқызбай отыр.

Телеарнаның хабарлауынша, әуежай диспетчерлері ер адаммен байланысқа түспек болған. Олар ұшақты қаладан алыстау жерге ұшырта алған. Әзірге борт басқарушы кім болғаны белгісіз. Бірақ әуе компаниясының қызметкері болуы мүмкін деген болжам бар.

Қазір құқыққорғау қызметкерлері мәселенің мән-жайын анықтап жатыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер