BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 359 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.1 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

АҚШ-та 70 млн тұратын Пикассоның автопортреті бүлінді

Фото: dailymail.co.uk

Америка Құрама Штаттарында аукцион алдында әйгілі испан суретшісі Пабло Пикассоның 70 млн доллар тұратын «Теңізші» атты автопортреті бүлінді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Bloomberg порталына сілтеме жасап.

Аталған автопортретті Christie’s үйі ұйымдастыратын аукционда сатылымға шығару жоспарланған. Бүлінген суреттің иесі – белгілі америкалық миллиардер Стив Уинн.

Bloomberg агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, портрет реставрацияға жібіріледі. Бірақ Пабло Пикассоның 70 млн доллар тұратын суреті қалай бүлінгені жөнінде ақпарат берілмей отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер