BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

АҚШ-та 17 жасқа толмағандар некеге тұра алмайды

АҚШ-тың Флорида штатында 17 жасқа толмай тұрып үйленуге не тұрмыс құруға тыйым салынды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі cbsnews.com басылымына сілтеме жасап.

11 жасында зорлыққа ұшырап, сол адамға тұрмысқа шығуға мәжбүр болған Шерри Джонсон АҚШ қыздары мен жас жігіттерге ой салды. Ол өз басынан өткен трагедияның алдын алу үшін 6 жыл бойы күресіп, ақыры аталған заңнаманың енуіне ықпал етті. 109-1 дауыспен кәмелет жасына толмағандарға енді шаңырақ көтеруге тыйым салынды.

«Мен бақыттымын, өйткені, балаларды адасудан немесе зорлықтан қорғау – біздің басты парызымыз. Зорлықтың құрбаны болып, көп зардап шектім. Алайда, мен бұл қиындықты жеңіп шықтым», - дейді Шерри Джонсон.

Сенат алдымен 18 жасқа дейінгі азаматтарға неке қиюға тыйым салу туралы шешім шығарғанымен, Палата өкілдері аяғы ауыр жандарға рұқсат алуға тырысты. Дегенмен, 17 жас белгіленді. Тек екі тараптың ата-анасы келіскен жағдайда, аяғы ауыр болу туралы факті кездескенде, 16, 17 жастағы азаматтарға үйленуге рұқсат беріледі.

2012-16 жылдар аралығында Флоридада 1 828 неке 17 жасқа толмаған азаматтар арасында қиылған. Оның жетеуі 13-ке толмағандар, 29-ы 14 жасқа жетпегендер екен. Сондықтан, аталған заңнаманың дәл осы штат тұрғындарына пайдасы тиері сөзсіз дейді сарапшылар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер