BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 341.08 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 394.46 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.37
Астана:

АҚШ және Солтүстік Корея басшылары алғаш рет қол алысты

Фото: The Japan Times

Тарихта бірінші мәрте АҚШ пен Солтүстік Кореяның мемлекет басшылары кездесті. Мұның алдында бірнеше ай бойы Дональд Трамп пен Ким Чен Ын бір-біріне қоқан-лоққы жасап келген болатын. Екі лидер Сингапурдың Сентоза люкс-отелінде қол алысып, одан соң шамамен қырық минуттай оңаша әңгімелесті. Бұл туралы оқиғадан тікелей эфирде ақпарат беріп жатқан ВВС хабарлайды.

Дональд Трамп пен Ким Чен Ын екі ел арасындағы шиеленісті бәсеңсітіп, ядролық қарусыздану жайын талқыламақ.

Саммит немен аяқталады деген мәселеге қатысты сарапшылардың пікірі екіге жарылып отыр. Бірі бұл Кимнің жеңісі, өйткені оған пропаганда жасап отыр десе, екіншілері бейбітшілікке бастайтын жол ретінде бағалайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер