АҚШ Иранға қарсы санкцияларды қайта енгізеді - Әлем|06 Тамыз 2018, 15:48
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

АҚШ Иранға қарсы санкцияларды қайта енгізеді

Фото: ашық дереккөзден

АҚШ 6 тамыздан бастап Иранға қарсы көлемді санкцияның бір бөлігін қайта енгізбек. Олар бұған дейін ирандық ядролық бағдарлама бойынша Біріккен жоспар әрекетінің нәтижесінде алынып тасталған еді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net порталына сілтеме жасап.

Құрама штаттардың мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеоның айтуынша, Тегеран саяси бағытын өзгерткенге дейін Иранға қарсы санкциялар «мүлткісіз сақталмақ».

Сонымен қатар, Мемлекеттік департаменттің басшысы қаржылық операцияларды шектеуден Иран әсіресе өз мұнайын сатуда еш жалтарып кете алмайтындығын баса айтты.

«Бұл Иранның зиянды әрекетімен күресудегі біздің маңызды күшіміздің бір бөлігі»,- деді Помпео.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер