BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

"Air Asia" ұшағының "қара жәшігі" табылды

Астана. 12 қаңтар. Baq.kz - Теңізге батып кеткен "Air Asia" компаниясына тиесілі әуе кемесінің "қара жәшігі" табылды. Құрылғы "Air Asiа" ұшағының құйрық бөлігі табылған жерден шығысқа қарай 0,5 миль (800 метр) жерде жатыр. Сонымен қатар "қара жәшіктің" сигналын үш бірдей құтқарушы кеменің тіркегені анықталып отыр, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz.

Бұған дейін Ява теңізінен ұшақтың құйрық бөлігі табылғаны хабарланған болатын. Табылған бұл бөлік ұшақтың өздігінен жазатын бортын табуға көмектесетіні айтылған еді. Индонезияның сүңгуірлері жазуы көрініп тұрған бөлікті суретке түсіріп алған. Енді ол жарылған ұшақты теңестіру кезінде фрагмент ретінде қолданылады.

Естеріңізге сала кетейік, "Air Asia Indonesia" компаниясының ұшағы 28 желтоқсан күні Сурабаядан Сингапурға ұшқан еді. Бір сағат өтпей жатып, пилот ауа райына байланысты бағытты өзгертуге рұқсат сұрайды. Оған бұлтты аймақты биікке көтерілмей-ақ айналып өтуге рұқсат беріледі, өйткені бұл аймақтағы биіктікте басқа да ұшақтар болды. Бұдан кейін "Air Asia Indonesia" лайнері радар экрандарынан жоғалып кетіп, ол апат дабылын қағып үлгермеген. Бұл кезде ұшақ Индонезияның Танджунгпандан қаласынан 100 теңіз милі шамасында болған. Ұшақта 162 адам отырған. Соңғы мәліметтер бойынша, 30 адамның денесі табылды, олардың екеуі орындыққа таңылған, іздестіру жұмыстарына барлығы 90-нан аса кеме мен ұшақ жұмылдырылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер