BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Әйгілі "Өрмекші адамды" өмірге әкелген автор көз жұмды

Астана, BAQ.KZ. Америкалық жазушы, актер, бірқатар комикстердің авторы Стен Ли Лос-Анжелесте 95 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

Marvel Comics компаниясының президенті және директорлар кеңесінің төрағасы Стэн Ли Нью-Йоркта Румыниядан келген еврей отбасында дүниеге келген. Бронск аймағында мектеп бітіріп, 1942 жылдан 1945 жылға дейін әскери борышын өтеген.

Стэн Ли Marvel Comics компаниясын 1961-жылы Джек Кирбимен бірге құрған болатын. Олар “Фантастикалық төрттікті” ойлап тауып, кейін "Өрмекші адам", "Халк", "Икс адамдар", "Қара Қабылан және кек қайтарушылар", "Темір адам" қатарлы ондаған мульт-қаһармандарды жасап шығарды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер