BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Әйелінен кек алмақ болған ер адам енесін тірідей өртеп жіберді

Өрт кезінде үйде әйелдің анасы мен оның інісі болған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Челябі облысының тұрғыны әйелінің туысқандары тұрған үйді өртеп жібергені үшін сот алдында жауап береді. Бұл туралы өңірлік прокуратура сайтында жазылған.

Оқиға 2015 жылдың шілдесінде болды. Әйелімен сөзге келген ер адам арақ ішіп, кек алу үшін енесінің үйіне өрт қойған. Өрт кезінде үйде егде жастағы әйел мен оның інісі болыпты.

«Үй түгі қалмай жанып кетті. Өрт кезінде ұйықтап жатқан 58 жастағы әйел мен оның 50 жастағы бауыры оқиға орнында қаза тапты», - деп мәлімдеді прокуратураның баспасөз қызметі.

Ер адамға ҚК-ның екі бабы бойынша айып тағылып отыр: «Екі адамды өлтіру» және «Абайсызда кісі өліміне әкеп соққан, бөтеннің мүлкін қасақана жою».

Қылмыстық іс Челябі облыстық сотына жолданды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер