BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 328.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.62 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.27
Астана:

Әйеліне көлік сыйлаған полицей жұмыстан шығып қалды

Фото: ProUfu RU

Башқұртстан Республикасында полиция қызметкері әйеліне екі миллион рубль тұратын Mercedes сыйлаймын деп жұмыстан шығып қалды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Видеодан Башқұртстан полицейі 8 наурыз қарсаңында әйеліне көлік сыйлап жатқан сәтін көруге болады. Аталған видео ақпарат құралдарының қолына қараша айында түскен. Жұбайын қуантқан ер адам экономикалық қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқармасына жұмыс істейтін болып шықты. Кейін оған қатысты қылмыстық тексеру жүргізіліп, ақырында ол жұмысынан айрылып қалыпты.

«Башқұртстанның ІІМ өзіндік қауіпсіздік бөлімшесі ведомствоның қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқармасының басшысына қатысты қызметтік тексеруді аяқтады. Оның барысында аталған қызметкердің жұмысы, оның заңнаманы ұстануы және қызметтік тәртіпті сақтауы толық тексерілді. Полицияның генерал-майоры Р.В. Деев тексеру қорытындысы бойынша қызметкерді ішкі істер органынан жұмыстан шығару туралы шешім қабылдады», - деп жазылған республикалық ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер