BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Әйелімен ұрсысқан ресейлік екі полицейді, сосын өзін өлтірді

Фото: Александра Ларинцева / «Коммерсантъ»

Оқиға Псков облысындағы деревняда болған. Зорлық өлім белгісімен үш ер адамның денесі табылып, олардың екеуі полиция қызметкерлері болып шықты. Бұл туралы «Интерфакс» хабарлайды.

Агенттік хабарына қарағанда, қанды оқиға облыстың Невель ауданында болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, отбасылық ұрыс-керіске байланысты шақырумен барған екі учаскелік полицейді ерлі-зайыптылардың бірі атып тастаған. Осыдан кейін ол өзін атып өлтірген.

Оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер