BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 328.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.62 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.27
Астана:

Адамдар көбіне әдеп сақтау үшін өтірік айтады – зерттеу

Адамдардың өтірік айтуына қатысты сауалнаманы неміс әлеуметтанушылары жүргізген. Олардың анықтауынша, неміс халқының 60 пайызы күнделікті өтірік айтуға дағдыланған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі dw.com басылымына сілтеме жасап.

Splendid Research институты әлеуметтанушыларының анықтауынша, неміс тұрғындары күн сайын өтірік айтып қана қоймай, мұны ұялмастан, әңгімелесушінің көзіне тік қарап тұрып жасайды. Тіпті, күнделікті өмірлерін өтіріксіз елестете алмайтындар да бар.

Өтірік айтқан ыңғайлы

Орташа есеппен күнделікті 200 рет өтірік айтамыз. Егер өтірік айтқан адамның мұрны ұзарып отыратын болса, бүгінде Пиноккио қоғамымыздағы басты кейіпкерге айналатын еді. Скептиктер бұл зерттеу нәтижесінің растығына келесі сұрақтарға жауап беру арқылы көз жеткізе алады: Танысыңызбен қыдырғыңыз келмеген кезде, қаншалықты жиі сылтау іздейсіз? Әріптесіңіздің жаңа киімі өзіңізге ұнамай тұрса да, мақтаған кездеріңіз қаншалықты жиі болды? Өзіңізді мінсіз етіп көрсету үшін өтірік айтқан кездеріңіз болды ма?

Көптеген респондент мұны орынсыз сұрақтарға жауап бермеу үшін немесе өзін мінсіз етіп көрсету үшін жасайтындарын айтқан. Мұнымен қатар, неміс халқының тең жартысы жанындағы адамды ренжітпеу үшін, ал үштен бір бөлігі адамды қауіп-қатерден сақтандыру үшін өтірік айтатындарын мойындаған.

Өтірік сөз жақсы қарым-қатынасты сақтап қалуға көмектеседі

Гейдельбергский университеті Әлеуметтік психология кафедрасының профессоры Клаус Фидлердің пікірінше, адамдар әдептілік сақтау үшін өтірік айтады. Көп жағдайда өтірікті пайда табу үшін немесе біреуге қастандық жасау үшін айтпаймыз. Оның астарында негізінен әлеуметтік мотивтер жатыр. Бұл пікір барлығына қатысты болмаса да, неміс халқы үшін солай.

Үшінші рет бірдей шұлық сыйлаған әжеңізге шындықты айту керек деп ойлайсыз ба? Бастысы сыйлық емес, көңіл емес пе? Ал әріптесіңізге әңгімесінің әбден мезі қылғанын айтудың қандай пайдасы бар?

Әлеуметтанушы Клаус Фидлердің айтуынша, өтірік дегеніміз - адамның жайлы өмір сүруін қамтамасыз ететін «құрылғыларды арасында сүртіп қоятын май». Ол жеке өмірде де, әріптестік қарым-қатынаста да келеңсіздіктерді реттеп отыруға көмектеседі. Өтірік айтуды адамдар жастайынан үйренеді. Өтірік айтқан бүлдіршіндердің беті мен құлағы бірден қызарып шыға келеді. Бірақ, есейе келе адам өтірікті әңгімелесушісінің көзіне тік қарап тұрып айтатындай дәрежеге жетеді. Десе де, Клаус Фидлер адамдардың көбінесе өтірікті тек әдеп сақтау үшін айтатынына сенімді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер