BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

800 жыл бұрын су астында қалған кеменің құпиясы ашылды

Индонезия жағалауындағы Ява өзенінде батып кеткен көне кеменің қалдықтары осыдан ондаған жыл бұрын табылды. «Қытайда жасалған» деген жазуы бар мыңдаған жапсырма мен зат құпияға толы болатын. Енді ғалымдар бұл кеменің құпиясын ашты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап.

Чикаго табиғи тарих мұражайының зерттеушілері кеме қалдықтары мен заттарынан оның қайдан келгенін анықтау үшін дәлелдерін біріктірді. Archaeological Science жариялаған зерттеу мақалада ғалымдар көптеген заттың құпиясын ашқан.

Балықшылар бұл кемені 1980 жылы тауып алған. Мыңдаған керамикалық зат, шойын және піл сүйегінен жасалған қымбат бұйымдар ағаш кеме апатқа ұшыраған соң су астында қалып қойған.

1996 жылы археологтар қалдық заттарды судан шығарған соң, олар 13-ғасыр жәдігерлерін таптық деген болжам жасаған. Өйткені, құмыралардың бірінде жазылған уақыт 13-ғасырды білдірген. Ғалымдардың болжауынша, бұл кеме Ява өзені арқылы Қытайдың оңтүстігіндегі Цюаньчжоу елді мекенінен Тубанға қарай сапар шеккен.

1990 жылдар соңында табылған заттардың жартысы, яғни 7 500 жәдігер Чикагодағы мұражайға тапсырылды. 2014 жылы мұражай археологы Лиза Низиолек Қытай және Жапония керамикалық тәжірибелер жүргізетін ғалымдармен қатынас орнатып, жәдігерлердің көпшілігі 11,12-ғасырларда жасалғанын анықтады.

Низиолек пен оның әріптестері Гэри Фейнман, Джун Кимура, Аманда Респесс, Лу Чжан тездетілген масс-спектометрия деп аталатын радиометрлік мерзім анықтау тәсілін қолданыпты.

«Біздің айламыз Java Sea Wreck кемесінің бірінші зерттеуге қарағанда 100 жыл бұрын батқанын анықтады. Яғни, 12-ғасырдың екінші жартысында кеме суға батқан. 13-ғасыр емес» деді Низиолек. «Жүз жылдай уақыттың айырмашылығы қандай?» деген сауалға ғалым: «12-ғасырда теңіз саудасы дамып, экономикалық ашық саясатқа көшті. Оңтүстік Сун династиясы Қытайға шетелдіктерді кіргізгеннен гөрі қытайлық тауар тасымалдаушыларды елден шығару саясатын ұстанды. Оңтүстік-Шығыс Азияда теңіз жолы сауда-саттық үшін дәл осы мерзімде кең қолданыла бастады» деп жауап берді. «Қытайда жасалған» деген марка осы кезде пайда болды дейді ғалым.

Кеме қалдықтарын зерттеу оңайға соқпаған. Мәселен, өзен суының тұзды болуы артефактардың сақталуына кедергі келтіреді. Ұрлық та бұл ретте орын алған. Жәдігерлерді анықтаған тұрғындар ешкімге айтпай, оларды ұрлап сатып жіберген.

Ағылшын тілінен аударған

Алтынай ҚУАНЫШБЕК


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер