BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 328.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.38 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.27
Астана:

71 адамның өмірін қиған ұшақ апаты видеоға түсіп қалды

«Саратов әуежелілері» компаниясына тиесілі Ан-148 ұшағының құлаған сәті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

11 ақпан күні Мәскеудің «Домодедово» әуежайынан Орск қаласына бағыт алған Ан-148 жолаушылар ұшағы 10 минутқа жетпей, радардан жоғалып кеткен. Кейін ұшақтың Мәскеу облысының Раменс ауданында құлағаны белгілі болды.

Салдарынан ұшақ бортында экипаж мүшелерімен қосқанда 71 адам қаза тапты. Кейіннен анықталғандай, жолаушылардың бәрі оқиға орнында көз жұмған.

Апатқа ұшыраған әуе кемесі «Саратов әуежелілері» компаниясына тиесілі. Қазіргі таңда Ресейдің тергеу комитеті аталған компания үстінен қылмыстық іс қозғады. Оқиға орнында тексеру жүріп жатыр, «қара жәшік» те табылды.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақовтың айтуынша, қаза тапқандардың арасында қазақстандықтар жоқ.

Алайда соңғы ақпаратқа сәйкес, Орск қаласында тұратын Темірлан Ақназаров есімді қазақ жігіті Мәскеу түбінде апатқа ұшыраған лайнердің бортында болғаны белгілі болды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер