BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

12 жасар қыз АҚШ-тың ең үздік жас ғалымы атанды

Мектеп оқушысы Гитанджали Рао судағы қорғасын мөлшерін жылдам анықтаудың қарапайым әрі арзан әдісін ойлап тапты. Осы жетістігінің арқасында ол 2017 жылы АҚШ-тың ең үздік жас ғалымы атанды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі bbc.com/russian басылымына сілтеме жасап.

Осылайша оқушы 2016 жылы қорғасынмен уланған судан зардап шеккен Мичиган штаты Флинт қаласының тұрғындарына көмектеспек болған. Гитанджалиге бұл идея ата-анасының суды тест-жолақшамен тексеріп жатқанын көрген соң келген.

«Бұл өте тиімді әдіс емес. Себебі, судың қаншалықты таза екенін анықтау үшін оны тестінің көмегімен бірнеше рет тексеруіңізге тура келеді», – дейді оқушы.

Жас ғалым ойлап тапқан құрылғы көміртек нанотүтікшелерінен жасалған. Девайстағы Bluetooth-дің арқасында тест нәтижесін смартфон экранынан көруге болады. Гитанджали басқа балаларға еш мойымауға кеңес берді.

«Алғашында тәжірибем сәтсіз болды. Бірақ артынша қателіктерімнен сабақ ала бастадым. Сәтсіздіктің табысқа жеткізер жол екенін түсіндім», – дейді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер