BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.98 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 428.7 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.64
Астана:

12 бала қалып қойған Таиландтағы үңгір туристік нысанға айналуы мүмкін

Фото: Pixabay

Осы мәселе бойынша түпкілікті шешімді Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі қабылдайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі RT порталына сілтеме жасап.

Футбол командасының 11-16 жас аралығындағы 12 оқушысы мен 1 жаттықтырушысы құтқарылған Таиландтағы үңгір туристік нысанға айналуы мүмкін.

Таиландтағы Ұлттық Парктер басшысының орынбасары баспасөз конференциясында ол жер әлемдік деңгейдегі көрікті жерге айналатынын айтты.

«Қазіргі дағдарыс жағдайында жұмыс туралы айтқым келмейді, бірақ бізде әлемдік деңгейдегі туристік нысан бар деп айтуға болады», - деді ол.

Шенеуніктің айтуынша, осы мәселе бойынша түпкілікті шешімді Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі қабылдайды.

Еске сала кетсек, футбол командасында ойнайтын 12 жасөспірім мен олардың бапкері 23 маусымда жоғалып кеткен болатын. 10 күн өткен соң ғана олар Тхам-Луанг үңгірінде тірі табылды. Олар 7 шақырымдық үңгірге кірген кезде су басқан. Таиландта қазір жауын маусымы. Үңгірден балаларды эвакуациялау операциясы үш кезеңнен тұрды және үш күнге созылды. Оған әлемнің бірнеше елінен жүздеген мамандар қатысты. Илон Масктың өзі балаларды құтқарылған балалар туралы бейнежазбаны өз Instagram-ына жариялады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер