BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 326 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 382.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.29
Астана:

10 жылдан кейін Дели халық саны бойынша Токиодан озады – БҰҰ

Фото: World-Countries.net

2050 жылға қарай жер бетінде қалаларда тұратын тұрғындар саны 6,7 миллиардқа жетіп, 2028 жылға қарай Дели әлемдегі ең ірі мегаполис болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі tass.ru сайтына сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта Токио әлемдегі ең ірі қала болып саналады. Ол қалада 37 миллион адам тұрады. Одан кейінгі орында Дели қаласы тұр, ол қаланың 29 млн тұрғыны болса, Шанхайда 26 миллион тұрғын бар, ал Мехико мен Сан-Паулудағы тұрғындар саны 22 млн. Сондай-ақ, Каир, Мумбай, Пекин мен Дакка қалаларының 20 млн тұрғыны бар. 2020 жылы Токионың тұрғындар саны азая бастап, Дели қаласының тұрғындары көбейеді және 2028 жылға қарай ең көп тұрғыны бар қалаға айналады», - деп болжайды БҰҰ-ның экономика және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменті.

БҰҰ-ның болжауынша, он жылдан кейін Делиде тұратын тұрғындар саны 37,2 млн болмақ.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер