USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Әлем саясаткерлері Елбасы жайлы не дейді?

Фото: Ақтөбе газеті

Режеп ТАЙЫП ЕРДОҒАН,

Түркия Президенті:

«Аса қадірменді Президент мырза, менің аяулы бауырым! Алдыңғы жылы Түркиядағы Президентті ұлықтау рәсіміне Сіз арнайы келіп қатыстыңыз. Мен мұны Сіздің маған ғана емес, барша түрік жұртына құрметіңіз деп түсінемін. Сіз түркі жұртының ақсақалы ретінде Қазақстан мен Түркия арасындағы бауырластықты нығайтуға аянбай тер төгіп келесіз. Мен Сізді үлгі тұтатынымды жасырмаймын».

Барак ОБАМА,

АҚШ-тың бұрынғы Президенті:

«Президент Назарбаев - әлемдік саясаттағы ең беделді тұлғалардың бірі. Оның «Ядролық қарусыз әлем» жобасы әлем көшбасшыларын таң қалдырған жоба болды. Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тарта отырып, әлемдегі ең бейбіт, тұрақты мемлекет құрудың жарқын үлгісі болды. Ядролық қарудан бас тарту арқылы қазақстандықтар әлем елдерінің қауіпсіздік кепіліне ие болды. Бұл өз кезегінде Қазақстанды әлемдегі ең тұрақты мемлекетке айналдырды».

Владимир ПУТИН,

Ресей Федерациясының Президенті:

«Нұрсұлтан Әбішұлы саясатқа ерте келген. Ол сонау кеңестік кезеңдегі биліктің өкілі. Мені таң қалдыратыны – ерте уақыттан бері саясатта жүргенімен – ол - өте жаңашыл адам. Мен күні бүгінге дейін оның осы жаңашылдығына қайран қаламын. Мен жақында Нұрсұлтан Әбішұлының жаңа қасиетін таныдым. Ол даулы, шешімі қиын жағдайларда сентименталды адам бола алады. Ол - ұқыпты әрі әділ басшы. Қазақстан үшін Назарбаев – тарихи тұлға. Ол қазақ халқы үшін тұңғыш Президент қана емес, ол - қазақ мемлекетінің негізін қалаушы».

Пан Ги Мун, БҰҰ Бас хатшысы:

«Президент Назарбаев - әлемдік саясаттағы бітімгер саясаткер. Оның саяси шешімдері әлем басшылары үшін үлгі болуы тиіс».

Алмазбек АТАМБАЕВ,

Қырғызстан Республикасының Президенті:

«Мен қырғыз халқы атынан, осы елдің Президенті ретінде, Қазақстан Президенті - біздің ақсақалымыз, аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлына көрсетіп отырған көмегі мен қолдауы үшін үлкен алғысымды айтамын. Менің бұл сөзім кейбіреулерге ұнамай қалуы мүмкін. Дегенмен Назарбаев мырза тек Қазақстанның ғана Көшбасшысы емес, ол - әлем лидерлерінің бірі. Ол - бүкіл түркі жұртының мақтанышы. Оның еңбек жолы бүкіл әлемде бейбітшілік орнатуға бағытталған».

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады