BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

«ЖИТС-21 ҒАСЫР ДЕРТІ»

ЖИТС-қандай да бір белгілері бар сезілмейтін науқас. Сонда да осы мәселемен айналысып жүрген мамандардың айтуынша, тыныс алу жолдары: асқазан, орталық жүйке жүйесі барынша осал келеді. Көз бен құлақтың зақымдалатыны да байқалады. Орталық жүйке жүйесінің зақымдануының салдарынан ақыл-ес кемістігі бой алдыруы ықтимал. Нәтижесі белгілі - азапты өлімге ұласады. 

1-желтоқсан Бүкілдүниежүзілік ЖИТС індетіне қарсы күрес күні болып белгіленген. Әлемдік медицина таңғажайып әсері болатын вакцина іздестіру үстінде. Дегенмен әзірше сырқаттың белгілерімен ғана күресуге тура келеді. Дәрігерлер бәрінен бұрын тәуекелді топқа 15 - 49 жас аралығындағы жастарды енгізіп отыр. Адамзат баласына ЖИТС қатері әлі ұзақ жыл қарсы тұруға тура келсе де, оны жұқтырмаудың жолын әркімнің білуі маңызды.
ЖИТС (жүре пайда болатын. иммундық тапшылық синдромы) немесе ЖЖБА-дан сақтану әдістерін, төтенше жағдай кезінде дұрыс шешім қабылдай білу қабілеттілігін дамытатын қажетті ілімді, әр оқушыдан ересек адамға дейін білуі керек. Ал біздің қалалық тұрғындар ЖИТС туралы не біледі екен? Осы мақсатпен қаламыздың кейбір тұрғындарының арасында: СІЗ ЖИТС ЖАЙЫНДА НЕ БІЛЕСІЗ? -деген сұрақ төңірегінде сауалнама жүргізген едік.
-Ерейментау қаласының аудандық орталық емханасы бас дәрігерінің орынбасары, хирург Мамыр Әбдуәліұлы Бәйгелдиев: ЖИТС - ағзаның иммунитет тапшылығын байқатады. Ол дәл осы вирус (ВИЧ) арқылы таралады. Адамның ағзасынды ұзақ жыл тіршілік ете алады. Қандай да бір науқастың белгілері біліне бастағанда басқаға жұғады. Вирус бәрінен бұрын ағзаның қорғаныс жүйесін зақымдайды. Дерт пен жұқпаға қарсы тұру қабілетін жояды. Сонымен ВИЧ таяқшасын жұқтырған адамды өлімге душар етеді. Назар аударарлық маңызды жайт, мұндай жан әдетте өзін сау күйде сезінеді. Тіпті сырқат жұқтырғанына ұзақ жыл бойы күдік те туындатпайды. Алғашқы белгілері біліне бастағанда адам үйреншікті сырқатқа бой алдырғандай сезінеді: жөтелуі, лимфа бездері ісінуі, безгек, диарея тәрізді болуы ықтимал. Имуннотапшылық вирусын жұқтырғанын тек қанның арнаулы сараптамасы арқылы дәрігер ғана анықтап бере алады.ЖИТС-ем қонбайтын сырқат. Ғалымдар осы науқасқа қарсы вакцина немесе емделу әдісі келешекте табылуы мүмкін деп үміттендіреді. Алайда ол ұзақ жылғы зерттеуді талап ететін іс.
- «Ереймен» газетінің тілшісі Дәулет Биғозинов: Оқығаным бойынша, бұл адам өміріне қатер төндіретін сырқат. ЖИТС эпидемиясынан барынша сақ болуға, өзімнің, жақындарымның денсаулығына ерекше мән беруге тырысамын. Дертке ұшырағандарға қол ұшын созу қажеттілігі болса дайынмын. Азаматтық қоғам мен ел басшылығын ВИЧ/СПИД эпидемиясының проблемаларын шешуге, әлемде бұл мәселенің алдын алуға шақырамын, өйткені жүз мыңдаған адамдардың осыдан көз жұматындығы әбден мүмкін.
-Надежда (студентка): Я недавно слышала что в кинотеатре зрительница села на кресло и почувствовала боль от укола в ноге. Когда она присмотрелась, увидела еле видную иголку в кресле, которая выглядывала примерно на 3-4 миллиметра, а также записку: "ВЫ только что инфицировались СПИД-ом. "Центр по контролю за заболеваниями" сообщает о многих подобных случаях в Шымкенте и других городах, произошедших недавно. Все иголки были проверены на реакцию СПИДа и оказались положительными. Центр по Контролю за заболеваниями сообщает: "Иголки стали находить даже в банкоматах». Я прошу всех быть внимательнее, осторожнее, когда вам встречается подобная ситуация. Все кресла в общественном транспорте, поездах, электричках, самолётах надо проверять,так как они несут возможную угрозу вашему здоровью и жизни - перед тем как сесть - посмотрите очень внимательно на спинку и сиденье". Я думаю что это новый вид терроризма международного неофициального союза ВИЧ-носителей и больных СПИДом. Им терять нечего в их жизни и поэтому они решили мстить.
«Әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып, адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жинақтау, бұл адамға нұр болады», деп Абай атамыз айтқандай бүгінгі мақаламыздың тақырыбын «ЖИТС-21 ғасыр дерті» деп алып отырмыз.
Қазіргі уақытта көптеген аурулардың алдын -ала егілетін вакциналары бар, емі бар. Ал ЖИТС ауруының қауіптілігі – оның емінің табылмай отырғанында. Бұл дүние жүзінің халқын алаңдатып отырған ғаламдық мәселе. Сондықтан әрбір адам ол туралы жан-жақты білсе, мұндай дерттің алдын алуға әбден болады. ЖИТС – жүре пайда болатын иммунитет тапшылығы синдромы. ЖИТС – сырқат емес, ол тек басқа жұқпалы аурулардың жұғуына жағдай жасайды. Яғни адамның қорғаныш қабілетін төмендетеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша, ЖИТС ең алғаш ХХ ғасырдың 70- жылдары АҚШ, Гаити, Африкада тіркелген, 1979-81 жылдары Нью-Йорк пен Лос-Анжелес дәрігерлері адамдардан иммунитеттің нашарлығын байқаған. Олар қан тамырының ісігі (саркома Капоши) және пневмонияның сирек формасымен ауыратын адамдар.
1982 жылы ауруларды бақылау орталығы жаңа індет - ЖИТС-ты тіркеді. 1983 жылы француз Люком Монтанье мен американдық Роберт Галло ауру қоздырғышы туралы алғашқы мәлімет айтты. 1981 жылы Америкада (Атланта) ауруды бақылау комитетінің баяндауы бойынша гомосексуалистер арасында өкпе қабынуынан және сирек болатын жаңа түзінді (денеде) сияқты бұрын таралмаған түсініксіз аурулардың көбеюін үреймен баяндалған.
Осыдан соң олардың иммунитеттері әлсіреп, әртүрлі қатты аурулардың себебінен өлім жиілегені туралы мақалалар жарық көрді. Бұл ЖИТС еді.
Бұл аурудағы иммундық жүйені толық жоятындығынан бұл вирус АИВ (адамның иммунитет тапшылық вирусы) деп белгіленеді.
ЖИТС – бірте-бірте дамитын, кейде 5 жылға созылып, адамды ақыры өлімге жеткізетін кесел.
ЖИТС-ке шалдығу - өлім жазасына кесілгенмен бірдей. Себебі дүние жүзінде осы уақытқа дейін әлі оны толық жазатын ем жоқ. Тек қана бірақ жол-ол сақтану, алдын алу.
Есірткі қабылдау да өте қауіпті. Себебі нашақорлар пайдаланған шаншу инелерін бөліскенде қауіпті дерт жұғуы мүмкін. Соңғы жылдары республикамызда ЖИТС-ке қарсы арнайы қызмет жүйесі ұйымдастырылған. Қазіргі кезде республикамызда ЖИТС-тен қорғану жұмыстарын атқаратын 18 орталық, 64 зертхана бар. Олардың жұмыс бағыттары:
1. Вирус жұқтырған адамды іздестіру.
2. Науқасты дәрігерлік бақылауға алып, вирустың әрі қарай дамуына жол бермеу.
ЖИТС –жүре пайда болатын иммунды тапшылық синдромы – жынысқа, жасқа қарамайтын жұқпалы дерт. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымның деректері бойынша, жер шарында бүгінге дейін 40 млн. астам адамның осы ауруды жұқтырғаны тіркелген. ЖИТС көбінесе 20 жастан 49 жасқа дейінгі адамдар арасында жиі кездеседі. Қазақстан Республикасында бірінші АИТВ жұқпасына шалдыққан жағдай 1987 жылы тіркелді, Оның таралу деңгейінің ең жоғарғы көрсеткіші Алматы қаласының (201,8)үлесінде, ізінше Павлодар (170,1), Қарағанды облысында (141,2) анықталды. Ерадамдаодың үлесі әйелдерге қарағанда 2,5 есе жоғары болып отыр, көпшілігінде перинетарлық (66,4 %) берілу жолы басым, әрі қарай гетеросексуальдық (25,7%) берілу жолының артуы тенденциясы байқалатын көрінеді. ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталықтың маманы Әсембеков Батырбек Сейідзадаұлының айтуынша: «АИТВ жұқпасы эпидемиясының үш сатысы бар. Олар: бастапқы сатысы, шоғырланған сатысы және жайылған сатысы. Бастапқы сатысы дегеніміз - белгілі бір мемлекетте АИТВ жұқпасының эпидемиясы енді ғана басталған жағдайлар. Шоғырланған сатысы ол осы АИТВ жұқпасының тіркелуі жағдайлары белгілі бір топтар арасында ғана, ал енді жайылған сатысына келетін болсақ бұл халық арасында, жалпы тұрғындар арасында АИТВ жұқпасының тіркелуі анықталады. Осы жіктеу бойынша Қазақстандағы жағдай шоғырланған сатысында. Қазіргі ұйымдастырылып жатқан шаралар, мемлекеттік бағдарламалардың мақсаты осы АИТВ жұқпасының эпидемиологиялық жағдайын осы шоғырланған сатыда сақтап қалу, жайылған сатыға жеткізбеу болып табылады».
Жаңадан анықталған АИТВ жұқпасының басым көпшілігі еркектердің үлесіне келеді және ол 64,5% құрайды. Жұмыс істемейтін азаматтар - 68%. Есірткіні тұтыну барысында жұқтырғандар- 54,3%, жыныстық жолмен зақымданғандар - 41%. Бұл біздің еліміздегі «ХХІ ғасыр обасының» эпидемиологиялық ахуалы жайлы нақты деректер. Қазақстан Республикасында ЖИТС індетіне қарсы іс-қимыл бағдарламасы да бар. Осы бағдарлама бойынша бірталай іс-шаралар да атқарылған. Енді дәлірек осыған тоқталсақ. Елімізде 31 достық кабинеттері жұмыс істейді екен, онда тұрғындардың осал топтарына жыныстық жолмен берілетін жұқпалардан тегін емдеу, алдын алудың жеке құралдары беріледі, жасырын тексерілу қызметтері көрсетіледі, ол үшін АИТВ жұқпасына жедел диагностикалау енгізілген. АИТВ-ға ерікті, анонимді тесттен өткізетін 302 кабинет жұмыс істейді және 381 кабинет психоәлеуметтік кеңес береді. Індеттің алдын алу бағдарламаларына үкіметтік емес секторлар қатыстырылады, барлығы республикада Үкіметтік емес ұйымның 93 ЖИТС орталығы жұмыс істейді. Адамдардың мінез-құлқын ақпараттандыру деңгейін көтеру және саламатты өмір салтын қалыптастыру арқылы нақты өзгерту елімізде АИТВ/ЖИТС бойынша барлық алдын алу және оқыту бағдарламаларының мақсаты болып табылады. 1-желтоқсан халықаралық ЖИТС қа қарсы күрес күні. Осы күні әлем жұртышылығы қатерлі індеттің алдын алу, оған қарсы күрес шараларын ұйымдастырады. Қазақстанда жыл сайын осы күні жастарға арналған «дөңгелек үстел», конференция және тағы да басқа шаралар ұйымдастырылады. Бұл күн ЖИТС қа қарсы күрес ұйымдары үшін халықты ақпараттандыру өте маңызды. Ең алдымен халық осы АИТВ жұқпасының бар екенін ұмытпау керек. Халық ЖИТС-тың аса қауіпті індет екенің естен шығармай, оның қалай жұғатының, оның алдын алу шараларын біліп жүруге міндетті. Расында да, «Сақтансаң - сақтайды»!
«АИТВ/ЖИТС емі табылмаған аса қауіпті ауру» біз үшін осылай қалыптасып қалған. Алайда, ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталықтың маманы Әсембеков Батырбек Сейідзадаұлы: «АИТВ дан құлан-таза сауығып кетпесе де, осы инфекцияның одан әрі асқынып кетпеуіне мүмкіндік бермейтін антиретровирустық терапия бар. 2005 жылдан бастап антиретровирустық препараттар үкімет есебінен АИТВ-ға шалдыққандарға тегін беріледі».
«ХХІ ғасырдың обасы» аталып кеткен аса қауіпті індетпен күресу қазір бір ғана мемлекеттің немесе қауымдастықтың ғана ісі емес, бұл бүкіл әлем жұртшылығының жұмыла істейтін шаруасы. Ал қарапайым халық үшін ең алдымен осындай қауіпті індеттің бар екенін ұмытпау. Ә.БАТТАЛОВА

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер