BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Әблязов әлегі әлі аяқталмайды

 

Әрең дегенде Әблязовты қолға түсірдік.
Тамылжыған тамыздың тым тәуір жаңалығы осы болды. Әйтпесе, соңғы кездері қомақты қаржы қымқырған, В.Храпунов, Л.Храпунова, Б.Рысқалиев, Н.Смағұлов сияқты елден қашқандар ұстатпайтын болды ғой.

 

Мұхтар Әблязов та әлі де ұстатпас па еді. Бірақ, бұл істе БТА банк өте ыждағаттылық танытқанға ұқсайды. Негізі, қашқынның қайда тығылған ақпаратын өзінің банктегі серіктес­терінің бірінің әйелі, адвокат Олена Тищенко «таптырып» берген сияқты. Тыңшылар Тищенконың ізіне түсіп, Әблязовтың тұрып жатқан орнын анықтаған. Ресми дерек көзінің мәліметіне қарағанда Мұхтар Қабылұлы өзінің қарындастарымен, қызметші­лерімен бірге тұрағын жасырып, әр жерге көшіп жүрген. Соңғы уақытта 6 ұйықтайтын бөлмесі, үлкен саябағы бар Zenіth вилласында тұрып жатқан. Қашқын банкирдің тұрағын анықтаған француз полицейлері қақпадан шыққан бақшалық фургонды тоқтатып, бақша­шылармен орын алмастырып, солардың киімін киіп, бақшашылардан алынған кодпен қақпаны ашып кедергісіз ішке кіргенде Әблязов қамсыз компьютерде отырған. Ол полицейлердің қателес­кенін, өзінің ешқандай да Әблязов еместігін дәлелдеп баққан. Алайда, қолдарындағы суреттегі адамның Әблязов екеніне көз жеткізген полицей­лер оның бірнеше төлқұжаттарына мән де бермесе керек.

Бұл шілденің соңғы күні болған еді. Содан бері Әблязовтың әрі қарай тұтқынға алынатыны, алынбайтыны, қай елге жіберілетіндігіне тек бал ашумен келдік.

Тамыздың 6-да белгілі болып отыр­ғанындай Франция соты М.Әблязовты 40 тәулікке тұтқынға алыпты. Қазақстан, Ресей, Украина елдері қашқын банкирді елге сұратып жатқанымен белгілі себептерге байланысты нәтиже қалай болары әзірге белгісіз. Әблязовты жақтаушылар да қарап қалмауда. Оны қолдайтын топтар құрып, тіпті араша сұрату үшін Б.Обамаға 100 мың қол жинауға белсеніп отырғандар да бар көрінеді. Әзірге Б.Обамаға жағдай айтуға 4-5 қол ғана жиналыпты.

 

 

P.S. Қазір Швейцарияда Храпу­новтар отбасының заңдылығы анықталғанша барлық активтері тұтқындалған. Банкіге қатысты, қаржылық тағы да басқа құжаттары зерттеу үшін олар да алынған. Храпунов отбасымен Женева­дағы Швейцария кантонында тұрып жатыр. Сондай-ақ, елден қашқан қашқынның тағы бірі Рысқалиев пен оның туысқандарына тиесілі Швей­цария банкілеріндегі 100 млн. евро­дан астам қаржы жинақталған 3 есеп-шот та тұтқынға алынған.

 

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер