BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Базарбай атты екі алыпты бағалай алдық па?


 

Қазақ тарихында қазақ ұялатындай ештеңе жоқ. Біз кешегісі тұлдыр, болашағы бұлдыр халық емеспіз. Бабаларымыз тірі болу үшін бір болған, енді біз ірі болу үшін бір болуымыз керек.
Нұрсұлтан Назарбаев.
Бірінші сөз. Алашорда министрі Базарбай Маметовтен (1888-1946) басталады. Ең алғашқы болып облыстардан тысқары мына қайраткерлер сайланды: Әлихан Бөкейханұлы, Жанша Досмұқамбетұлы, Әлімхан Ермекұлы, Мұқаметжан Тынышбайұлы, Бақыткерей Құлманұлы, Жақып Ақбайұлы, Базарбай Маметұлы, Отыншы Алжанұлы. Ешбір қосымша дәріптеудің керегі жоқ, сегіздің бірі болып Базарбайдың съезде сайлануы талай дүниені аңғартады. Съезд 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен. Біз қысқа мақаламызда Базарбайдың тындырған істерін әдейі баяндамадық. Әңгіме тек Базарбайдың бейіті туралы айтылмақ.

 


 

Қызыл империя «Алашорда» көсемдерінің сүйегін адам іздесе таба алмайтындай жасырды. Көзден таса, құпия жерленді. Бірен-саран қайраткерлердің зираты ғана белгілі. Мысалы М.Шоқай, Базарбай маметов... деген сияқты.
Қазан университетінің түлегі, юрист Базарбай тозақ отының барлық сатысынан тірі қалып, 58 жасында Лепсіде қайтыс болады. Өлерде оны көргендер 80-дегі шалдай еді дегенді айтады...
Енді мына суретке қайта ораламыз. Базарбайдың жатқан жері мүлдем тозған. Үйілген топырақ, айқыш-ұйқыш шіріген қамыс, өртенген ұшқат пен сырық, талдан жасалған арбыйған белдеулер. Бүкіл Жетісуда осындай ұсқынсыз моланы көргендер бар ма екен? Айтуға тіл жетпейді, бақсының моласынан он есе төмен. Бақсының моласының маңы таза болады, себебі ол жалғыз тұрады, оған көп ешкім жоламайды.
Ертең-ақ Алаш көсемдерінің ең белді өкілі Базарбайды оқыған ұрпақтың іздеуі мүмкін ғой? ХХІ ғасырдың жастарына мына қорқынышты көріністі түсіндіріп көр. Жерлестері жоқ па, ел басқарған ерлері қайда демей ме? Мына жұрттың патриоттық сезімі жоғалған ба деуі мүмкін ау? Ұлт жүрсе, біз қолымыздағы сүйекті бағаламаппыз. Осы әңгімені Базарбайды бағалай білейік деп тоқтаталық. Тыңдайтын құлақ табылар! Ұлттық сана мен тайпалық сананы әдейі сөз етпедік. Базарбай секілді Алаштың қайраткерін қорғау, мемлекеттің немесе бүкіл халықтың міндетті екені түсінікті. Тиісті орындарға оны жеткізе алмасақ қателік міндетті екені түсінікті. Тиісті орындарға оны жеткізе алмасақ қателік бізден емес пе? Бірінші әңгіме «Кіші Базарбай» жөнінде туындап отыр...
Екінші әңгіме «Үлкен Базарбайдан» кетеді. Ірі билік иесі, 40 жылдай «Бес болыс Садырдың» тұтастығын ұстаған, қысқасын айтқанда өз жұртын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтағы шоқытпаған бетті басшы. Құнанбай заманында бірталай қоғамдық іс тындырып ел көзіне түскен, әдебиет пен мәдениетке де көңіл бөлген азулы қайраткер. Құрымбай, Сиқымбай, Жақанбай, Тынышбай, Ниаз батыр, Базарбай сынды айтылу кемеңгерлер ел бірлігін дамытып республикаға да аты кеткен. Албан Құлмамбет, Алшын Төребай, Жалайыр Бақтыбай, Төлеңгіт Жазық, Садыр Жиенбай, Матай Арсалаң, т.б. ірі ақын, жыршы, қобызшыдардың басые қосып, оларға Базарбайдың көмектесуі біраз дүниені аңғартады. Аға сұлтан Құнанбай, Барақ төре, Тезек төре сынды үлкендер базарбаймен есептескен. Осы Базарбайдың атын Кіші Базарбайға қойған. Үлкен Базарбай бірінеше Алаштың қайраткерлерінің есею жолдарына шарапаты тиген. Базарбайды ұлы Тасыбек қызыл империяның құрбаны болды.
Мына шошақ бейіт 100 жылдан бұрын салынған. Қазіргі қалы суреттегідей. Сарқан ауданының Қаражиде деген өңірінде тұр. Бұл сурет те азаматтардың көзіне түсер деген үміттеміз.
Біз 2009 жылы «Базарбай Маметов» атты кітап жазып бітірдік. Үлкен Базарбай жөнінде бірнеше мақала жарияламақпыз. Сонымен қатар, «Тыңдап көр бізді» дейтін кітап жарық көрмек (авторлары Ө. Ахметов, Қ. Тұрғанбаев, Асылбек Меңіс). Бұл кітапта Тасыбек пен Базарбай кім? Дейтін тарау бар.
Енді сөз соңын Сапиолла Томанұлының екі шумақ өлеңімен аяқталық:
Суретін
Қос Базарбай сөйлетелік,
Бетпе-бет
Ағайынмен кездеселік.
Өлгендер
Әлі сенен дәметеді,
Бейбіт басын
Жөндеуге селбеселік.
Шама
Келсе бұл істі тездетелік,
Керек десең
Мықтымен белдеселік.
Алдиарлап
Оңды ерді соңға ертелік,
Теріс кеткен
Достармен сен деселік.
Ақыл айтып, келелі іті тек қаражат пен машақатқа тіреп қойсақ ештеңе бітпейді. Патриоттық сезімі доғары жастар екі зираттың да мәселесін шешіп тастауы мүмкін. Тек оларға кілт табу керек.
Өкітай АХМЕТОВ, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, жазушы.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер