BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Бекзат-біздің мақтанышымыз!

 

Бала жасынан өнер жолында жүрген бүлдіршіндеріміздің бірі жас әншіміз, үлгілі оқушы-Бекзат НАҒАШЫБАЙ. Ол қаламыздағы №10 орта мектебінің 5-сыныбын тәмәмдап, болашағынан зор үміт күттіретін бала. Астана күні қарсаңында Бекзат Елордамызға барып, халықаралық «Шаттық» фестиваліне қатысып келіп отыр.

Бекзатты Астананың 14 жасқа толуына орай өткен мерекелік іс шарадан алған әсерімен бөлісуін сұрап, редакцияға шақырған едік.
-Сәлем, Астана қаласыңда өткен фестивальге қатысып келіп отырғаныңнан хабардармыз, алған әсеріңмен бөлісе отырсаң?
-Біріншіден Астана мен үшін орны бөлек қала. Ол жерде мен халықаралық «Шаттық» фестивалімен қатар, Астананың хақ төрінде өткен мерекелік концертке де қатысып келдім. Елордамыздың төрінде «STBROTHER» және «Бозторғай» тобы бірге қосылып шырқаған болатынбыз. «Бозторғай» бірнеше қаланың әншілерінен құралған топ, мен сол топтың ең жас әншісі болдым. Шаттық фестивалінде белгілі композитор Кеңес Дүйсекеевтің «Нұрлы тұлға» әнін де орындаған едік.
-Сенің көптеген жерлерде есімінді естіп жүрміз, ән шырқап жүргеніңнен хабардармыз, әнге деген қызығушылығыңды оята білген ұстазың да бар болар?
-Мен 6 жасымнан, яғни, бала-бақшаға барған кезімнен ән шырқап келемін. Бойыма табиғаттан дарыған талантты байқап, сахна төріне алып шыққан алғашқы ұстазым-Гүлсім Валиханқызы еді. Сол кісінің еңбегі зор.
-Иә, еңбегі жанған кісі екен. Осы уақытқа дейін еншілеген қоржыныңдағы жетістіктеріңе тоқталып өтсек?
-Мен 2010 жылы өткен облыстық «Пою тебе мой Казахстан» байқауына қатысып, 2 орынды қанжылаған болатынмын. Халықаралық «Золотой микрофон» байқауына осы жылы бірінші рет қатысып, дипломант, яғни әділ қазы мүшелерінің арнайы сыйлығына ие болдым. Шыны керек, вокалға жызылып, кәсіби түрде дайындалып жүргеніме 3-4 айдың жүзі ғана өтті. Оған дейін өзімнің талабымның, қабілет икемділігімнің арқасында жүрдім. Отбасымда өнерлі жандар бар, өнер менің бойыма солардан дарыған деп ойлаймын.
Бос уақытыңда көбіне қандай іспен айналысасың?
-Қолым босай қалса, доп қуып, домбыра тартатыным да бар. Домбыра тартуды осы жылы меңгерген болатынмын.
-Болашаққа құрған жоспарларыңмен бөлісіп отырсаң?
-Араға уақыт тастап, Египетте өтетін халықаралық байқауға қатысқалы отырмын. Тамыз айында құдай қаласа, Челябіде өтетін байқауда бағымды сынамақпын.
- Сұхбаттасқаныңа рахмет, сен әлі де талай белестерді бағындыратыныңа сенеміз, әрдайым жетістіктеріңмен бізді қуанта бер!!
Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА

 

 

 

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер