USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Шығармашылық кеш өтті

Өткен жұмада Қызылордада ақын, тележурналист, ҚР телерадиохабарлар таратушылар ұлттық қауымдастығының президенті және «Қоғам ТВ» телеарнасының құрылтайшысы Шаһизада Әбдікәрімовтың 60 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті. Шараға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.

- Шаһизада Өтетілеуұлы шығармашылық жолын Кеңес жылдарында бастаған және әлі күнге дейін шығармашылықтан қол үзген жоқ. Ол кезеңдерде Шәкизада Өтетілеуұлы талантты журналист болды, ал қызмет бағыттарын бір арнаға тоғыстыру кез келгеннің қолынан келе бермейді. Бұдан бөлек ол – аймақ экономкасының дамуына зор үлесін қосқан облыстық мәслихат депутаты,- деді аймақ басшысы.
Шығармашылық кеште Шаһизада Әбдікәрімовтың өлеңдері оқылып, оның сөзіне жазылған әндер шырқалды. Сондай-ақ, автордың «Сүлей дария» атты өлеңдер кітабының, «Тәржіма» қырғыз ақындарының аудармалар жинағының, «Алпыс құлан қайырған» жинағының және Бауыржан Омаровтың Шаһизада Әбдікәрімовке арнап жазған «Гладиатор» кітабының тұсауы кесілді.

kyzylorda-news.kz

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады