USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Шәміл Мұхаметжанов – «Ұқсап бейне гүл шоғына»

Шәміл Мұхамеджанов (1931-1980) – бұрынғы Торғай облысының Жанкелдин ауданындағы Жаркөл ауылында туған. 1956 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. «Жұлдыз» журналында, көп жыл бойы «Жазушы» баспасында қызмет істеген. Алғашқы топтама өлеңі жас ақындардың «Жас қанат» жинағында 1959 жылы басылды. Бұдан кейінгі жылдары ақын қаламынан оннан астам өлең-дастан жинақтары, балаларға арналған кітапшалары дүниеге келді. М.Лермонтовтың, Я.Райнестің, Л.Украинканың, Т. Шевченконың, Р.Ғамзатовтың, Я.Смеляковтің, т. б. шығармаларын тәржімалады. Ақынның "Ана құшағы" (1960), "Қашалақ" (1962), "Ақ жалын" (1964), "Туысқан" (1966), "Көңілашар" (1968), "Күн төбе де тұрғанда" (1972), "Назқоңыр" (1973), "Арқа сүйер тірегім" (1976), "Ақ желең" (1978), "Дәуір даусы" (1979) "Жас қанат" (1980), "Шабытты шақ" (1981) атты жинақтары бар.

www.kostanaytany.kz

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады