USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Ой салған спектакль

Нартай Бекежанов атындағы қазақ драма театрында жаңа қойылымның тұсауы кесілді. Бұл жолы Әлімбек Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» спектаклі сахналанды, деп хабарлады «Қазақстан-Қызылорда» арнасы.

Бұл жаңа маусымдағы тұсауы кесілген жаңа қойылым. Сондықтан театр залына келген үлкен-кішінің қарасы қалың болды. Спектакльдің негізгі желісінде бір түп алма ағашынан тарағандай бір отбасының өсе келе бір-бірінен жерінген берекесіз тіршілігі баяндалады.
Бұл спектакль шынында да өмірдің нақ өзі. Ағайындар арасындағы алауыздық, бір жатырға сыйғандардың бір шатырға сыйыспауы зор қасірет екенін ұғындырады. Әрбір саналы адам қоғамдағы, ең бастысы отбасындағы өз рөлін ұмытпауы тиіс деген ойға шақырады. Қойылымнан ерекше әсер алған көрермендер тік тұрып қошемет көрсетті.
Айта кетуге тиіспіз, Сыр жұртшылығына тың туындыны ұсынған Жүргенов академиясының түлегі жас режиссер Ақтөре Оразалы. Қойылым соңында ол спектаклдің сырлы суреттерімен бөлісті.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады