USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

"Ninety One" тобы бізге керек пе?

Фото: знаменитости

К-рор жанры (Когеаn рор) қазір әлемді жайлап барады. Бұл басында музыкалық жанр ретінде қаралғанымен, қазір элемде миллиондаған жанкүйер жинап, музыкалық субмәдениетке айналды. Құрамында батыстың электропоп, хип-хоп жанрының элементтері кездеседі. Американың атақты «Ninety One» журналы К-рор жанры батыстың заманауи әндерімен жапондардың зор екіпінді поп музыкасының қоспасы деп түсіндіреді. К-рор бүгінде интернеттің көмегімен шекара талгамай әлемнің түкпір-түкпірінде тарап жатыр. Әсіресе, Оңтүстік Кореяны есептемегенде Қытай, Жапония, Гонконг, Азияның оңтүстік-шығысындагы елдерінде қатты белең алуда. Жастардың киінуі, шаш қою үлгісі, сөйлеу мәнері...

Бәрі- бәрі ұқсас және басқалардан ерекшеленіп түрады. Көп мамандар, бұл субмәдениеттің қаншалықты кеңінен танымал болғанмен, Америкада сұранысқа ие бола алмағанын айтады. Америкалық орындаушьшардың дені бұның себебін К-рор жанрында сөздері қарабайыр әрі магынасыз болатынын, музыкалық тұрғыда әлсіз, құр даңғаза екенін алға тартады. Тағы да осы жанрға қатысты жиі айтылатын сын, мұнда орындаушылардың талантына, дауыс ырғағына емес, көбіне сыртқы келбетіне қарап таңдалатыны, ал оларда талант болмаған соң керемет ән, керемет музыка жасай алмайтындығы басты кемшілігі деп қарастырылады. Қазір бұл бағытта ән салатындар Қазақстанда да бар. К-рор жанрының элементтері елімізде «Орда» сияқты топтардың әндерінен, стилінен ерекше байқалатын. Оған толыққанды бет бұрған, арнайы сол бағытта ән айтатын топ «Ninety One» деп аталады. Бұрын «Орда» тобында ән салған Ерболат Беделхан "Ninety One" атты бес жігіттен тұратын топ құрды. Топтың атауын «91 жылы Қазақстан егемендігін алды. Тек еліміздің еркіндігі емес, музыканың да еркіндігі мағынасында топты «91» деп атауды ұйғардық» деп түсіндірді. Топтың мүшелерінің барлығы қазақ жігіттері. Ең кішісі 17-де, үлкені 21-де екен. Екі жыл бойы әннен, биден сабақ алып, «Айыптама» атты жаңа синглімен көпшілікке таныстырылған болатын. Атышулы «91» тобы шыға сала үлкен сынға алынды. Астана арнасындағы «Сырласу» бағдарламасында Ринат Зайытов наразы екенін білдірсе, Қазақстан ұлттық арнасындағы көпшілікке танымал «Айтуға оңай» бағдарламасындада бұл топ көрермендер мен халық арасында үлкен резонанс тудырды. Бірақ, мұндай даулар халыққа ұнайды.

Қазіргі уақытта осы бағдарламалардан кейін Ninety Оnе тобының танымалдылығы одан сайын артып, көрермендері көбейді. "Біз қазақи болмысымызды жоғалтып бара жатырмыз, қазір бүкіл дүние жүзінде осындай аздаған ұлттарды жойып жіберу қаупі тұр. Балалардың музыкалық бағытына ешқандай дауым жоқ, бұлардың мәселесі - сыртқы болмысында. Сендер теледидар арқылы біздің бала-шағамызды тәрбиелеп отырсыңдар. Сендер қандай боласыңдар, ертең біздің бала- шағамыз да сондай болады", - деді Зайытов Q-рор стилінде өнер көрсететін "91" тобына. "Жаңағы сіз "қатты айттыңыз" деп отырсыз, мен қайта бергі жағын айтқан шығармын. Ешқандай дауым жоқ, әлемді мойындата ма, айды мойындата ма, Марсты мойындата ма, бірақ, қазақи болмыспен мойындатуларын талап етемін, сұрамаймын да", - деген ақынның сөзіне топ продюсері Ерболат Беделхан да өз жауабын берді.

"Қазіргі заманда Q-рор стилі агрессия шақырмайды, біз музыкантпыз. Мен оралманмын. Моңғолиядан әкем, қазақ болайық деп көшіп келдік. Біздің жақсылығымыз тимесе, қауымға жамандығымыз келмейді", - деді "Орда" тобының әншісі, эрі топ продюсері Ерболат. Ринат ағамыздан өзге бұл топқа қатысты пікірлерін көптеген өнер адамдары да берген болатын.

Алтынбек Қоразбаев: “Сырға таққанда тұрған не бар? Кезінде біздің батырларымыз да сырға таққан. Мінеки, менің оң күлағым тесілген. Бала күнімде туған әпкем мені ұзақ жасасын деген ниетпен құлағымды тесіп, сырға таққан екен. Сол сырғаны 4 сыныпқа дейін тағып жүрдім. “Сен мынаны құрт, мынаны жоқ қылып” деп бұйыра сөйлеғен жарамайды. Біз Еуропадан қалмауымыз керек. Айтсын. Өмір өзен болғандықтан, оның ағысынан қалып қоймау керек”

Баян Мақсатқызы: «Бәсекелестерді сыйлау керек, әсіресе олар соған лайықты болса!!! Бәсекелесіңді сыйла, оның жетістіктерін мойында, және әрі қарай өркендей түс!!! Олар сондай жас, сымбатты және дарынды!!! Олар өзгеше, сонысымен тартымды!».

Сакен Майғазиев: «Бірнеше жыл бұрын қазақ тілінің жырын жырлап, мұңын мұндап жүргенде қай бағытта айтса да, қазақ тілінде шырқаса екен деп ойлайтынмын. Бірақ, кейін олар шектен шығып кетті. Өте талантты, қазақы мінезді балалар. Сөйлескені де қазақша, акцентсіз. Мақал-мәтелдері де керемет. Оны жігіттердің өздеріне де кездесіп, ағалық ақылымды айтқанмын. Жігіттер, біздің ұлтымызға, елімізге үлкен қауіп төніп тұр. Сендер жастарды өз-өзіне қол жұмсауға, әлсіздікке, ата-ананы тыңдамауға шақырмаңдар. Болмайтын жерде «өзім білемдікке» итермелемеңдер деп. Әрине, сәнді киінгенді кім жек көреді. Бірақ, енді шектен шығып кетпеңцер. Жігіттің сырға таққаны, шашын қызылды- жасылға бояғаны ұнамайды. Бұл жамандыққа бір қадам. Сол үшін ғана жігіттерді қолдамаймын. Әйтпесе жігіттердің өте талантты екендігін тағы да айтқым келеді. Бірақ, өздерінің табиғаты, болмысы, жасап жатқан қазаққа жат дүниелері қынжылтады

Бағлан Әбдірайымов: «Ерболат жэне 91 тобы! “Есің барда еліңді тап” - деген мақалды еске түсірейін. Өнерлеріңе қарсы емеспін. Түрлеріңді өзгертіңдер! Қазақта намысы жоғары жігіттер баршылық. Бояйтын шаш, тағатын құлақ таппай қалып жүрмеңдер! Достық кеңесім!”

Асыл Беделхан: “Қазіргі қоғамда топ үшін болып жатқан картина сіздердің өзгеге тиесілі жетістікті көре алмаған сәттеріңізді бейнелейді. Сіздер бар болғаны мұзтаудың шыңын ғана көресіздер, сыртқы болмысына ғана мән бересіздер. Бірақ мұның артында не тұрғанын байқамайсыздар да. Адам мақсатына жетуі үшін аянбай тер төгуі мүмкін. Тереңірек үңілген кезде, қызғаныш сезімі орынсыз болып көрінеді. Ninety Опе тобы туралы жағымсыз пікір білдіретін адамдар. Олардың мақсатына жету үшін қандай қиындықтарды өткергендерін білсеңіздер ғой. Төзім, еңбек пен табандылық...”

Дана Нұржігіт: "Ерболат Беделханға айтарым: Он жылдан астам таңдаған жолынан жаңылады, табанды еңбек етіп, бір күн көл, бір күн шөл болатын нәсібін бүкіл тобына жұмсап жүрген Ерболатқа орнымнан тұрып қол соғам. Оған да кезінде қанша адам лап беріп, "мына істеп жүргенің қате" деген еді, ол өзінің мақсатынан бас тартқан жоқ. Біржақты қыңырлық, стереотиптік сана- дамудың жолы емес. Әсіресе өнерде. Зайытовтың "91" тобының сырт келбетін сынап, тіл тигізіп, "жиіркенемін" деген ауыр сөзін сабырлықпен тыңдап, жұдырық ала жүгірмей (оны істесе де түсінер едім) миығынан ғана күліп қойып эмоцияға, ашуға жол бермей жауап беріп отырған Ерболат мен үшін оппонентінен әлдеқайда жоғары, мәдениетті".

Қазақ қоғамы не үшін жаңа үлгідегі өнерпаздарға қарсылық танытып жатыр? Әріден ойласақ, қоғам ол топқа, ондай әншілерге қарсы емес. Жекелеген адамдар, мүдделі топтар, керітартпалар сондай пікір қалыптастыруда. Бар болғаны сол. Ел үшін бір көкжал туса, оған шабатын төрт ит қоса туады. Мына жерде де сол. Өнерімен оза алмаған, таланты асып түспегендер бәсекелестікті бақталастыққа айналдырады. Не өзі ештеңе бітірмейді, не қолынан іс келетіндерді көре алмайды. Оны осы «Ninety One» туралы дау-дамай дәлелдеді. Осы мақаланы жазбас бұрын да көп ойландым. Қазір оқшау ой айтып, шындықгы сөз етсең ел жексұрын жасайды. Көптің аты көп. Ақ-қарасын ажыратып жатпайды. Бірақ, солай екен деп үндемей отыруға тағы болмайды ғой. Ал, енді «91 - лер тобы қызтеке екен. Анандай екен, мынандай екен» деген сөздер өнер түгілі адамдыққа жат айыптаулар. Қаласа Ерболат Беделхан продюссер ретінде сондай әңгіме таратқандарды заң органдары арқылы анықтап, жауапқа тартуына да болады. Заң Ерболаттың жағында. Адамның абыройын аяққа таптауға еш жерде жол берілмейді. Қазақстанда да солай.

Дайындаған Ж.ШҰҒЛАНОВА

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады