USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Ел мерекесі

Фото: Altaynews.kz

Қазақстан Республикасы Парламентінің ұйғарымымен 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні болып жарияланды. Бұл – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен еліміз жеткен жетістіктер мен әлемдегі абырой – беделіне тағы бір мәрте ой жүгіртіп, қорытынды жасайтын күн. Нақтырақ айтқанда, бұл күннің атауы ғана Президент күні, әйтпесе ол – халық мерекесі. Олай дейтініміз, Президент халыққа, тиісінше халқымыз Елбасына шексіз сенеді. Тәуелсіздік аларда елімізде саяси- экономикалық жағдай күнде өзгеріп жатты. Мемлекеттің саяси жүйесінің даму- ын болжау және жоспарлау ең маңызды мәселеге айналды. Біздің елдің бақытына орай, мемлекет тізгінін 1990 жылы әлемнің ең көреген, ең кемел заманауи саясатшыларының бірі, Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қолына алды. Ол Еуразия құрлығындағы түбегейлі бетбұрыстардың бағытын дұрыс аңдап, өз халқының сұранысы мен мұң-мұқтажын, оған керектіні алдымен түсінді. Жас мемлекеттің саяси және экономикалық жүйесін осы қажеттіліктер мен сұраныстарға орайластырып құруға бел шеше кірісті. Елбасының көрегендігі, болашақты уақыт шегінен әрі қарай көре білетін қасиеті, елді мемлекетке пайдалы өзгерістерге жұмылдыра білуі Қазақстанда қоғамдық өзгерістің ең күрделі кезеңін айтарлықтай шығынсыз, дау – дамайсыз, қақтығыс – дүрбелеңсіз, кикілжіңсіз өткеруіне мүмкіндік берді. Қарап отырсақ, бүгінде көршілес ел- дермен мемлекет шекарасының белгіленуі, қорғаныс әскерінің құрылуы, мемлекеттік рәміздердің қабылдануы, төл теңгеміздің шығарылуы, мемлекеттік тілдің мәртебе алуы, шет елдердегі қандастарымыздың қайта орала бастауы сияқты ірі де, мемлекеттік маңызы бар келелі істердің бәрінде Президентіміздің қолтаңбасы бар. Ел игілігі үшін Астанада түрлі саммидтер, дінбасылары, мемлекет көшбасшылары, бизнес өкілдері, мәдениет қайраткерлерінің басқосулары өтіп жатыр. Тіпті, әлемдік «ЕХРО - 2017» көрмесі Астанада өтетін болды. Ол деген сөз елімізге қыруар ин- вестиция келеді, 100-ден астам елдің ең үздік жетістіктері көрмеге қойылып, оларды өндірісімізге енгізу арқылы экономикалық өрісіміз кеңейеді. Мұның бәрі біздің Президентіміздің әлемдік деңгейдегі беделін айқындай түседі. Елбасымыз Орта Азия елдері мемлекеттерінің көшбасшысы атанып, оған Түрік мемлекетінің астанасын- да ескерткіш қойылды. Бүгінде Елбасының мемлекетті қалыптастырудағы айқын да, нақты жоспарға түзілген стратегиялық қадамдарының қаншалықты маңызды болғаны айқын білінуде.

Мысалға, ел ордасының Алматыдан Астанаға көшірілуін алып қарайықшы. Шешім қабылданар тұста, көпшілік, тіпті Президенттің ең жақын деген серіктерінің өзі бұл шешімнің өзін ақтайтындығына күмән келтірген бола- тын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Қазақстанның ордасы елдің қақ ортасында, қақ жүрегінде болуы тиістігін айтып, заманның қаншалықты қиын болып тұрғанына қарамастан ойлаған ойын ақыры жүзеге асырды. Нұрсұлтан Әбішұлының тағы бір көрегендігінің дәлелі - Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы екені даусыз. Рас, көп ретте Қазақстан аумағындағы татулық пен тұрақтылық елдің иесі – қазақ халқының сабыр салиқалығы мен шыдамдылығының арқасында мүмкін болып келе жатыр. Дегенмен, қазақ халқына басқа ұлттардың сыйластықпен қарап, әрі барлық ұлт өкілдерінің өзара түсіністікте ғұмыр кешіуіне ешбір мемлекеттің тәжірибесінде бұрын – соңды болмаған, әлемде теңдесі жоқ қоғамдық институт – Қазақстан халқы Ассамблеясы да өзінің зор септігін тигізіп отырғаны шындық. Қазақстан Халқы Ассамблеясы мемлекеттің елдегі ұлтаралық татулықты барлық ұлт өкілдерінің пікірлері мен пайымдарын ескере отырып, ортақ шешуге ықыласты екенін көрсетті. Ассамблеяның құрылуының өзі Қазақстанда тұратын саны аз болса да, көп болса да кез келген ұлт өкілінің өзін қоғамдық үрдістерден шет қалмай, барша игіліктің ортасында бола- рына сенімін нығайтты. Сөйтіп, қазағын да, қазақ емесін де ортақ отаны – Қазақстанды сүйетін шынайы патриоттыққа тәрбиеледі. Тағы бір аса маңызды жай, 1997 жылдың 1 қазанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына тұңғыш Жолдауы – «Қазақстан - 2030» стратегиясын жариялады. Ол еліміздің заманауи тарихына тұңғыш рет Қазақстанның даму бағытын алдағы 30 жылға айқындайтын ұзақ мерзімді жоспар ретінде, түйінді түрде дайындалған аса маңызды құжат ретінде енді. Өткенге көз жүгіртсек, «Қазақстан - 2030» бағдарламасын мерзімінен әлдеқайда бұрын орындап, енді «Қазақстан - 2050» стратегиясын жүзеге асыру жолында толағай табыстарға қол жеткізумен қатар еліміз жоспарлаған межеден әлде қайда ілгерлей озып барады. Ең бастысы халықтың қазіргі жағдайы көңіл толтырарлықтай. Елбасының «Нұрлы жол», «Бизнес- 2020», «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық», «100 мектеп, 100 аурухана», «Қолжетімді баспана», «Балапан» сияқты түрлі әлеуметтік - экономикалық бағдарламалардың арқасында біздің ау- данда да егіншілік пен мал шаруашылығы дамып, қаншама мектеп, аурухана, балабақшалар мен мәдениет үйлері халықтың пайдалануына берілді.

Еліміздің шығысы мен батысын, оңтүстігі мен теріскейін жалғайтын даңғылдар жаса- лып, «Ұлы Жібек жолы» мемлекетімізге қаншама табыс әкелуде. Елдің орташа табысы жылдан жылға артып, зейнеткерлер мен мүгедектер әлеуметтік жағынан тиісті заңдар талаптарына сәйкес қорғалып келеді. Ұлт Көшбасшысының жетекшілігімен Қазақ елі XXI – жаңа ғасырда нақты міндеттері мен оларды жүзеге асыру жолдарын айқын көріп, стратегиялық даму жоспарына сүйеніп, өзіндік «Қазақсандық жолымен» қарыштап алға баса беретініне сенеміз. Осылайша Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіріп, талапта- ры қатал жаһандану заманында ешкімнен қағажу көрмей, өз күшімен өркендейтін күні де алыс емес. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Тұңғыш Президент күні өтетінін ақсулықтар да зор қуанышпен қабылдап, мектеп оқушылары «Елдің атын ер шығарады» тақырыбында шығарма жазса, әншілеріміз облыстық «Елім деп соққан жүрегі» патриоттық ән байқауында үздік шықты. Сонымен қатар «Біз салауатты өмірді қолдаймыз» атты спорттық ойындар мен дөңгелек үстөлдер ұйымдастырылды. «Қазақстанның Тұңғыш Президенті» деп аталатын қолөнер шеберлерінің көрмесі, «Әлемдік деңгейдегі саясаткер» атты кітап көрмесі көрсетіліп, «Жұмыспен қамту- 2020» бағдарламасы бойынша Ашық есік күні өтті. Бүгінгі Президент күні - шын мәнінде халықтың Елбасына деген зор құрметінің, өздерінің және жас ұрпақтың болашағына деген сенімінің мерекесі десек, алдағы уақытта да әр үйде молшылық болып, қуанышты сәттер көбейе берсін. Президентіміз аман болсын, ел аман болсын, тәуелсіз Қазақстан өсіп - өркендей берсін!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады