USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Жүрекке жылу

Мемлекет мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз қоғам құру үшін барын салуда. Әлеуметтік көмектен бөлек, қоғамдық маңызды шараларда әрдайым жүректеріне қуаныш сыйлап жатқанын көз көріп жүр. Мүмкіндігі шектеулі деп айдар таққанымызбен, бойдағы талант пен өмірге деген сенім күші оларды биіктен көрінуге жетелейді. Соның бірі өнерлі жас өрендер. Жақында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мүмкіндігі шектеулі жандар арасында "Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз" атты байқау болды. Өнерпаздар жарысын қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен М.Ералиева атындағы мәдениет үйі ұйымдас- тырды. Конкурсқа қала бойынша 70-тен аса мүмкін- дігі шектеулі жан қатысып, "Үздік жасампаз", "Алтын қауырсын", "Үздік би", "Үздік орындаушы" номинациялары бойынша бақтарын сынады.

Тағдыр жазуы демесеңіз, тумысынан талантты өнерпаздардың бойынан өмірге деген күрес пен тартысты байқауға болады. Олар орындаған әндер жүрекке жылу беріп, көптің қошеметіне бөленді. Әрине, сайыстың аты сайыс болғандықтан, байқау барысында қазық етіп, үздіктерді сараптау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Кенжегүл Құрақбаева, ақын, суретші Ғабит Кәдірбаев, музыка маманы, М.Ералиева атындағы мәдениет үйінің жетекшісі Оразкүл Айтимоваға бұйырды. 6-14, 14-29, 29-45 жас ерекшеліктері бойынша сынға түскен өнерпаздардың өнерін қазылар жоғары бағалады. "Алтын қауырсын" аталымында бәйгеге түскендер поэзия әлеміне еніп, белгілі ақындардың өлеңдерін оқыса, "Үздік биші" аталымында бақ сынаған өнерпаздар заманауи би билеу арқылы өнердің биік екенін дәлелдей түсті. Ал, жұрттың жүрегіне жол тартуға тырысқан әншілер "үздік орындаушы" номинациясы бойынша барын салды. Соңғы "Үздік жасампаз" аталымында мүмкіндігі шектеулі жандар бейнелеу өнері және декоративті қолданбалы шығармашылықтарынан туындаған дүниелерімен көпті тәнтті етті. Өнер бәйгесі болғандықтан шын мықтыны анықтау қиынға соқтырғаны белгілі.

Осы ретте қазылар алқасы мүгедек жандардың өмірге деген талпыныстарын ескере отырып, әрі дайындық деңгейлеріне орай жүлдегелерді анықтады. Сонымен "Алтын қауырсын" аталымында 6-14 жас ерекшелігі бойынша Меруерт Құлдүйсенова, 14-29 жас ерекшелігі арасында Азиза Жетіруова, 29 жастан жоғары жастағы өнерпаздар арасынан Уксимбаева Зәуре І орынды иеленді. Ал, "Үздік би" аталымының І орыны 6-14 жас ерекшелігі арасында "Нәзік" би тобы, 14-29 жас ерекшелігі бойынша Нұрай Әбубәкіроваға бұйырды. "Үздік орындаушы" номинациясына лайықты деп танылған өнерпаздар 6-14 жас ерекшелігі арасында Бекзат Мусаев, 14-29 жас аралығында Диана Смағұлова, 29 жастан жоғары жастағы өнерпаздар қатарынан Забира Төлеген І орынмен марапатталды. Шығармашылық туындыларымен келген өнерпаздар арасында қазылар алқасының жоғарғы бағасына ие болған "Үздік жасампаз" номинициясында 6-14 жас ерекшелігі бойынша Арайлым Қуанышбекова, 14-29 жас ерекшелігі бойынша Мадина Әбенова, 29 жастан жоғары жастағы өнерпаз Аслан Ертоқаев жүлделі І орын иегері атанды. ІІ,ІІІ орын иегерлері де ұйымдастырушылар атынан Дипломдармен марапатталды. Ағысқа қарсы жүзген жандар түбінде биіктен көрінеді. Әсіресе, өнер жолын қуған өнерпаздар- дың өресі мен шығармашылық шабыттары жұрт жадында сақтала бермек. Негізінен бұл байқау бірнеше жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Өнер әлеміне қанат қағуға, алға жетелейтін байқаудың берері мол дейді байқауда бағын сынағандар. Рас, бір сәт көңілін бірлеген өнерпаздар көптің қошеметі мен ыстық ықыласына бөленіп, өздеріне рухани ләззат ала алды.

А.ҚАРАКЕСЕК

Ұқсас сілтемелер:
04 Желтоқсан 2016, 16:00
Жылу іздесең Қарағандыға бар
02 Желтоқсан 2016, 18:23
ҰҚСАЙДЫ ЕКЕН ЖҮРЕККЕ...
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады