USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Жұмыссыз әйелдер жаңа мүмкіндікке ие болды

Түпқараған ауданындағы жұмыссыз әйелдер үшін тағы бір жақсы мүмкіндік туды. Түпқараған аудандық жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген 10 қыз-келіншекті жақында ғана құрылған «Риза-Ана» қоғамдық қоры БҰҰ – ның Маңғыстау облысын тұрақты дамыту және әлеуметтік – экономикалық жаңғырту бағдарламасы негізінде «Аспазшы-кондитер» мамандығы бойынша курстан өткізіп, жұмысқа орналасуларына ықпал ететін істі қолға алуда. Жақсы жобаны қолға алған ұйым 23-қараша күні Баутин ауылында орналасқан гуманитарлық-техникалық колледжде жобаға қатысушы әйелдерді құттықтап, қысқа мерзімді курста оқуға жолдама берді.

Ұйымның жоба таныстырылымына Баутин ауылы әкімдігінің бас маманы Жұмазия Айтова, Түпқараған аудандық жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік мекемесінің маманы Жанар Қошанова, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының Маңғыстау облысы қызмет көрсету орталығының Түпқараған ауданы бойынша кеңесшісі Назгүл Қалиева қатысты. «Аспазшы-кондитер» курсы бойынша оқыту курсы жөнінде сөз алған Бибігүл Рамазанова: – Екі ай бұрын жұмыспен қамту бөліміне арнайы ұсыныс жасап, 10 жұмыссыз әйелдің тізімін алған болатынбыз. Жалпы сағат саны – 48 сағаттық қысқа мерзімді курстың теориясын оқыту үшін технолог-маман Айгүл Қуан қатысушылардың сауатын көтерсе, жоспар бойынша облыс орталығынан осы қатысушыларымыз үшін теорияны практикамен үйлестіру мақсатында шеберлік сыныбын ұйымдастырмақшымыз. Сонымен қатар 10 қатысушымыз үшін арнайы аспаз халаттары тігілуде.

Бұл халаттарды да БҰҰ даму бағдарламасы аясында тігін курсынан өткен мамандар тігуде. Желтоқсан айының 20-21 жұлдызында курсты аяқтап, қатысушыларымызға сәттілік тілей отыра, сертификаттар мен аспазшы- кондитерге алдымен қажет болатын миксер, тәттілер дайындайтын түрлі пішіндер сияқты заттардан сыйлықтар ұсынамыз. Курсқа қатысушылардың тіл үйірер тәттілерінен дәм тататын боласыздар. Қорытынды кездесуімізде осы қатысушы әйел азаматтардың пісірген тәттілерінен көрме ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Сондай- ақ сол көрмеге қаламыздағы «Шағала », «Достық » сияқты аспаз-кондитерлер үшін жұмыс беруші болып отырған үлкен жұмыс орындарының мамандарын шақыруды да ұйғарып отырмыз. Кейбір қатысушылар жеке ісін бастауды жөн санауы мүмкін, олар үшін де «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өз бизнесін ашып, бизнес-жоспар жазу бойынша тегін кеңсе беретін болады,-деді ол оқуды бастаған қатысушы әйелдерге сәттілік тілеп.

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады