USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Жігітке жарасады бірсөзділік......

Фото: haphap.ru

Осыдан біраз уақыт бұрын əлеуметтік желіде астаналық жігіттің қалындығын мəһір сыйлығына көлік сұрағаны үшін той үстінде тастап кеткені талқыға түскен еді. Көпшілік оның іс-əрекетін дұрыс деп таныды. Кезінде сыйлыққа қалыңдықтың үй сұрауы да кездескен екен. Өйткені, əйелі асыраушысынан айрылған жағдайда ол сыйлыққа алған үйінде тұрған. Оған ешбір ағайын-туыс дауласпаған. Ал, мына жігіттің мұны дүниеқұмарлық деп, тойды тоқтатуын қалай бағалауға болады?

Қанша уақыт кездесіп, танып- білген қалыңдығынан бір-ақ сəтте, оның үстіне той үстінде ажырасуы əбестік секілді. Мұндай жағдайды екеуара шешсе де болады емес пе? Шариғат бойынша үйленген соң əйелі күйеуінің жағдайын ескеріп, мəһір сыйлығынан бас тартуына болады. Дəл осылай өзара келісімге келгендер де жоқ емес. Неке қию рəсімінде қымбат мүлік сұрағанымен, артынан күйеуін соған міндеттемей-ақ тату-тəтті өмір сүріп жатқандар бар. Ал, ашуын ақылға жеңдіре алмаудың салдары жақсы болмасы анық. Осы сияқты оқиғалар қазақылықты сақтаған біздің өңірде де орын алып жатыр. – Қызымның басынан өткен бұл жайт отбасымызды түгел есеңгіретіп тастады. Кенже қызыма жақында құда түсіп, сырға салған. Жаңа құдалар көргенді, иман жүзді кісілер көрінді. Күйеу жігіт те оқыған, тəуір қызмет жасайды. Біз тойдың қамын жасай бастадық.

Барлығын дəстүрге сай дайындадық. Уақытты белгілеп, ағайын-туыс, дос-жаранды тойға шақырдық. Бірақ, қуанышымыз көп ұзамай су сепкендей басылды. Ұзатылу тойына бір апта қалғанда жігіт жақ қызымнан бас тартты. Себебін түсіне алмадық. Құдалар баласының басқа қызға үйленетінін айтқанын, тойды тоқтату керектігін жеткізді. Төбемізден жай түскендей есеңгіреп қалдық. Қаншама ағайынның алдында ұятқа қалғаныма кімді кінəларымды білмедім. Сол сəтте жандүниемді күйік шалғандай еді. Кенжемді де жазғырып жатырмын. Десе де, қызымның жан күйзелісін көріп, жүрегім ауырды. Баласының олқылығына ата-анасы неге тосқауыл болмады деген ойдан арыла алмадым. Бір жағы қызымның мұндай жауапсыз, жеңілтек адаммен бас қоспағаны дұрыс шығар деп те ойладым. Бұл келеңсіздіктің əсерінен əлі күнге арылғанымыз жоқ. Намыстан өртенердей күй- кешудеміз. Əсіресе, қызымның жағдайы алаңдатады, – дейді Сəуле есімді кейіпкеріміз шамамен екі-үш жыл бұрын жақын танысымның құрбысы сүйіктісімен ренжісіп қалған болатын. Біршама уақыт хабарласпай жүрген. Жігіті бөтен қызға үйленеді деп естідік. Алайда, тойына аз уақыт қалғанда олар қайта татуласқан. Ал, қалыңдығы болса тұрмысқа шығатынына сенімді. Соңында жігіт уəдесінде тұрмай, бұрынғы ғашығына оралған. Ол кезде де екі жақ тойға сақадай сай, дайын далып қойған екен. Ақырында жігіттің ата-анасы қарсы тараптан кешірім сұрап, барлық шығынын өтеп беріпті-міс. Мұндай жайттар соңғы кезде жиілеп кеткен секілді. Естіген сайын масқара деумен боласың. Жігіттердің осындай қылықтарын көргенде еріксіз ойға шомасың. Олар осыншалық жауапсыз болғаны ма?

Үйленіп, үй болуға атүсті қарайтындай тəрбиенің ақсағаны ма? Əлде қоғамдағы еркіндіктің салдары ма екен? Бүгінде таңдау əркімнің өз еркінде. Дегенмен, өзім білемге салынып, біреудің ар- намысын таптап, абыройын төгудің қажеті қанша? Өзіне сенімсіз болса, жауапты қадамды қалай жасаған? Бұдан əсіресе, бауыр етім балам дейтін ата-ананың жүрегіне қаяу түсері сөзсіз.

Ерте кезде кейбір аға-əпкелеріміз өз сүйгендеріне қосыла алмай мұңлықтың күйін кешті. Соған қарамастан, отбасылық құндылықты жоғары қойды. Баласының қамын ойлап, басқа түскенге көнді. Ал, қазір жеті рет өлшеп бір рет кесуге мүмкіндік бар. Адамның жеке көзқарасы, таңдау еркі ескерілген заманда дұрыс бағыттан оңай жаңылатынымыз өкінішті. Жігіттердің осылай ұсақталып жат қанына іштей қынжыласың. Ондай адамдар болашақ ұрпағына қандай тəлім- тəрбие бермек? Отбасының тірегі саналатын оларға тек жүректілік жарасады емес пе? Сезімге беріліп, сергелдеңге түсу жігіттерге жарамас. Расында, үйлену еріккеннің ермегі емес, адамның тағдыры. Қазақ жігіттері өзгеге еліктемей осыны ескерсе екен. Сендерге тек жігіттік қасиет тəн. Осыны ұмытпайық...

Айдана СЕЙІЛ.

Ұқсас сілтемелер:
15 Қараша 2016, 14:08
Әйелге әсемдік жарасады
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады