USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Жетейін десе, жете алмай…

Армения азаматы Армен Акопян өзінің кәмелеттік жасқа толмаған екі баласын көру үшін ҚР шекарасын бірнеше мәрте заңсыз кесіп өткен. Балалары Лисаков қаласында анасымен тұрады. Денисов ауданының соты "рецидивист-әкені" алты айға бас бостандығынан айырды. Жазасын өтей салысымен шекарадан шығарылып, Қазақстан аумағына кіруіне 5 жылға шектеу қойылады. Ал әзірге ол жазасын жалпы режимдегі мекемеде өтемек. "Акопян көші-қон полициясындағыларға өте жақсы таныс.

Мамыр айында лисаковтық сот оны ҚР аумағында жұмысқа орналасуға рұқсаты болмаса да жұмыс істеп жүргені үшін кінәлі деп тауып, елден қуылған елді. Бұл үкімнен соң да бірбеткей әке қазақ жеріне кіруге бірнеше рет талпыныс жасаған, алайда өткізу бекетіндегілер оны қайта-қайта кейін қайтарып жіберген. Содан кейін Армения азаматы Қарталы-Тобыл темір жолы арқылы шекараны жаяу басып өтуге белін бекем буады. Нәтижесінде, 20 тамыз күні Денисов ауданының Ақсу бекетіне аяғы тиген заң бұзушының жолын тәртіп сақшылары кес-кестеді", — делінеді іс материалдарында. Сондай-ақ, балажан әке 2014 жылы да нақ осындай заңбұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған еді. Ол жолы Ақмола облысының Есіл аудандық соты оның шартты түрде екі жылға бас еркін шектеген болатын.

www.kostanaytany.kz

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады