USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Жарыққа қарызы барлар қараңғы үйде қалады

Семей қаласы тұрғындарының электр жарығына деген қарызы қордаланған. Бүгінде шаһар халқының жарыққа берешегі 717 миллион теңгені құрайды. «Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы» АҚ қызметкерлері, сот орындаушылар, БАҚ өкілдерімен бірге рейд ұйымдастырып, берешек тұрғындардың үйлерін аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қайрат Рысқұлбеков көшесі, 15-үй мекен- жайының тұрғындары электр энергиясына 80 мың теңге қарыз. Аталмыш үйдің тұрғынымен тілдесуге талпынғанымыздан еш нəтиже шықпады. Есігін тарс жапқан үй иелері қайтып ашпай қойды. – Электр көзінен ажырату туралы акт толтырып, заңға сəйкес осы мекен-жайдың тұрғындарын əкімшілік жəне қылмыстық жауапкершілікке тартатын боламыз. Келесі жолы Ішкі істер қызметкерлерімен бірге тағы да келіп борышкерлермен жүздесеміз. Электр жарығына қарыздары барлар қалада жетіп- артылады. Дұрысы, тəртіп сақшыларымен бірге борышкерлердің мекен-жайын аралап, қарыздарын өтеуді талап ету. Менің қарамағымда осындай 200-ден астам іс бар,- деді Семей қаласының сот орындаушысы Тілек Қалиев. Заң бойынша электр жарығына қарыздар тұлғаларға айыппұл салынады немесе дүние- мүлкі тəркіленеді. Келесі кезекте сот орындаушысы Құралай Қайырбекованың қарамағындағы Академик Павлов көшесіндегі 32- ші үйге табан тіредік. Бұл мекен-жайдағы үйдің иесі Сəлім Ағатанов Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясына 218 мың теңге қарыз екен.

– Үнемі келген сайын үйдің қақпасында құлып тұрады. Бірнеше рет келіп, құр есікті қағумен шектелдік. Ішке ене алмадық. Осы жолғы тексерімізде үйде болған азамат үй иесінің қазіргі таңда жоқ ек ендігін айтты,- деді с от орындаушысы Құралай Қайырбекова. Қаламыздағы коммуналдық мекемелердің де қарызы қордаланып қалған. ШҚ АЭК-сына «Семейводоканал» жəне «Жылукоммунэнерго» коммуналдық мекемелері ауқымды қаражат қарыз. Қарыздың көлемі 513 млн. теңгеден асып жығылады. – Коммуналдық мекемелердің əлеуметтік маңызы бар болғандықтан, оларға біз басқа шаралар қолданатын боламыз. Тұтынушылардан қарызды өндіру мақсатында рейдке шықтық. Өкінішке орай, екі үйдің тұрғындары да есігін ашпады. Нəтижесінде, Академик Павлов көшесіндегі 32-ші үйді жарық көзінен ажыратамыз. Сот орындаушыларымен рейдке жиі шықсақ та, нəтижесі көңіл көншітпейді,- дейді ШҚ АЭК сату бөлімінің менеджері Александра Чуркина. «Кешегі рейдте бір үйдің жарығы қиылды. Қарызды толық өндірмейінше рейд жалғаса беретін болады»- дейді ШҚ АЭК қызметкерлері. Сондықтан, семейліктер, қараңғы үйде қалғыларыңыз келмесе, жарыққа қарыздарыңызды дер кезінде төлеп, борышкер деген аттан ертерек құтылыңыз.

Айжан ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады